29.11.2012, 13:15 3269

Қазақстан мен Чехия денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыра түспек

ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың Чех Республикасының Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасындағы өкілетті елшісі Бедржих Копецкимен кездесуі барысында денсаулық сақтау саласындағы бірқатар бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Астана. 29-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан емн Чехия денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыра түспек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың Чех Республикасының Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасындағы өкілетті елшісі Бедржих Копецкимен кездесуі барысында денсаулық сақтау саласындағы бірқатар бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың Чех Республикасының Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасындағы өкілетті елшісі Бедржих Копецкимен кездесуі барысында денсаулық сақтау саласындағы бірқатар бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Чех жағынан кездесуге "Puro Klima" компаниясыныңпрезидентіЯромир Фербр мен"Puro Klima"компаниясыныңинвестициялық кешендерді экспорттау бөлімінің директоры Павел Немец қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан аумағында мастер-класс өткізу, медицина кадрларының біліктілігін арттыру, чех медицинасының кардиохирургия, кардиология, рентгенология саласындағы жетістіктерін пайдалану туралы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

Сонымен қатар, науқастарды емдеу және оңалту, мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік шеңберінде денсаулық сақтау нысандарын салу бойынша тәжірибе алмасумәселелері талқыланды.

Чех жағының өкілдері Маңғыстау облысы Ақтау қаласында құрылысы 2013 жылдың соңында аяқталатын еуропалық стандарттағы облыстық аурухана құрылысының жобасын жасағандары туралы әңгімелеп берді, әрі Ақтау қаласындағы теңіз жағасында салынатын Оңалту орталығының құрылысына қызығушылық танытатындарын білдірді.

Министр чехиялық әріптестерінің инвестиция жөніндегі ұсыныстарына қолдау білдіріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсыруымен жүзеге асырылып жатқан Щучье-Бурабай курорттық аймағының дамуына мүдделі екендігін атап өтті.

Келіссөздер қорытындысында Чехия мен Қазақстанның өкілдері жоғарыда аталған мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға қызығушылық танытатындарын білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны