29.01.2018, 17:51 5739

Қазақстан мен Италия ҚТҚ қайта өӊдеу саласында ынтымақтастық жасайтын болады

Тараптар қалдықтарды басқару жүйелерін құру және одан әрі дамыту, бірлескен жобалар жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, консультациялар беру және Қазақстан Республикасы заӊнамасыныӊ өзгергені жөнінде ұсынымдар әзірлеу, жаӊа серіктестерді және қаржыландыру көздерін іздеу және тарту, қалдықтарды кешенді басқару саласындағы басқа да бағыттар бойынша ынтымақтасатын болады.

Алматы. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда қалдықтарды кешенді басқару мәселелері бойынша R4PARTNERS халықаралық бизнес-форумныӊ бірінші күні аяқталуда. Форум шеӊберінде "ТКШ жаӊғырту мен дамытудыӊ қазақстандық орталығы" АҚ ("ТКШ ҚазОрталығы" АҚ), UNIRE қалдықтарды қайта өӊдеу кәсіпорындарыныӊ одағы (Италия) және "Kazwaste" қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастық" ЗТБ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар қалдықтарды басқару жүйелерін құру және одан әрі дамыту, бірлескен жобалар жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, консультациялар беру және Қазақстан Республикасы заӊнамасыныӊ өзгергені жөнінде ұсынымдар әзірлеу, жаӊа серіктестерді және қаржыландыру көздерін іздеу және тарту, қалдықтарды кешенді басқару саласындағы басқа да бағыттар бойынша ынтымақтасатын болады.

Бүгінгі таӊда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өӊдеу экологияныӊ еӊ өзекті әрі көкейтесті тақырыптарыныӊ бірі болып табылады. Адамзаттыӊ жыл сайын өнімдерді тұтынуы артып қана келеді, тиісінше, өндіріс қарқындары және өндірілетін қалдықтар саны да өсуде. ҚТҚ тиімді қайта өӊдеу бойынша зауыттар мен технологиялардыӊ болмауы, қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау жүйесініӊ дамымауы және оларды полигондарға бірыӊғай салмақпен қоймалау эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар мен заттардыӊ жиналуына алып келеді. Нәтижесінде, қоршаған ортаныӊ сапасы тұрақты нашарлауда, ал табиғи ландшафтар бұзылудыӊ қайта айналмайтын өзгерісіне жиі-жиі ұшырауда.

Энергетика министрлігініӊ ақпаратына сәйкес Қазақстанда жыл сайын қосымша 5-6 миллион тонна ҚТҚ пайда болуда. 2025 жылға қарай бұл сан 8 миллионға дейін өсуі мүмкін. Бұл ретте 2017 жылы қайта өӊделген және кәдеге жаратылған қатты тұрмыстық қалдықтардыӊ үлесі 9% ғана құрады.

Орасан көлеміне қарамастан, қалдықтарды кәдеге жарату проблемасыныӊ шешімі бар. Мемлекет басшысы өзініӊ Қазақстан халқына Жолдауында "жасыл" технологияларға инвестициялауға және шағын және орта бизнес субъектілерін кеӊінен тарта отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өӊдеу және қазіргі заманға сай кәдеге жарату бойынша шаралар қабылдауға шақырды.

Бүгін форумда отандық компаниялар ірі шетелдік компаниялар мен халықаралық қаржы институттарыныӊ өкілдерімен бірге жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін талқылауға және өз қызметін таныстыруға мүмкіндік алды.

"ТКШ ҚазОрталығы" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Дастан Хамзининфрақұрылымдық-тұрғын үй кешеніндегі (ИТК), оныӊ ішінде ҚТҚ басқарудағы инновациялар жайлы айтып берді.

"Компанияныӊ жоспарында - цифрландыру жүйесін, ИТК саласында көппәтерлі тұрғын үйлерді, МЖИ институтын басқарудыӊ заманауи әдістерін енгізу, ғылыми-техникалық қызметті дамыту, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп ИТК жаӊғырту және жасыл технологиялардыӊ тікелей инвестициялар қорын құру", - бар екендігін атап өтті Дастан Хамзин.

Форум қатысушылары биоқалдықтарды жинау және қайта өӊдеудіӊ заманауи әдістерін, ҚТҚ қайта өӊдеу үшін инновациялық технологияларды, "жасыл инвестицияларды" қолдану практикаларын, инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын және басқа да тақырыптарды да талқылады. Ертеӊ картон мен қағаз қалдықтарын қайта өӊдеу және бүктеме ораманы дайындау бойынша кәсіпорындарға бару жоспарланып отыр.

Форум "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ, ОБСЕ және ПРООН қолдауымен "KazWaste" қалдықтарды басқаур жөніндегі қазақстандық қауымдастықпен және "E2Partner" компаниясымен ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны