04.08.2008, 13:44 1314

Қазақстан мен Канаданың "Инкай" бірлескен кәсіпорнына қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл салынды

Қазақстан мен Канаданың "Инкай" бірлескен кәсіпорнына қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл салынды

Шымкент. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Канаданың "Инкай" бірлескен кәсіпорнына қалдықтарды қоймаға сақтау процессінде заң бұзушылыққа жол беріп, қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Шу-Талас экологиялық департаменті филиалының жетекшісі Ибдіғани Атымтаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жер астынан алынған сұйықтықты сүзу барысында түзілген қалдықтарды кәсіпорын ашық алаңқайда рұқсатсыз сақтаған", - деді И. Атымтаев.

Экологиялық мекеменің шешімін экономикалық сот қолдап, "Инкай" бірлескен кәсіпорнына 9 млн 118 мың теңгенің айыппұлы салынған.

Оңтүстік Қазақстан облысында уран өндіретін басқа кәсіпорындарға да осындай шара қолданылды. Мәселен, қазір экономикалық сотқа Қазақстан мен Франция бірлескен "Катко" кәсіпорнының экологиялық заңнаманы бұзуына қатысты материалдар таныстырылды. Экологтар бұл кәсіпорынға 40 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны