28.09.2009, 16:03 2980

Қазақстан мен Қырғызстан электр қуатымен алмасу жөнінде келіссөздер жүргізуде

Қазақстан мен Қырғызстан электр қуатымен алмасу жөнінде келіссөздер жүргізуде

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қырғызстан электр қуатымен алмасу жөнінде келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Негізгі уағдаластықтың мәні мынада, қыста біз қырғыздарға электр қуатымен көмектесеміз, ал олар оның орнына егін шығатын кезеңде біздің оңтүстік өңірімізге су береді", - деді С. Мыңбаев.

Оның айтуынша, Қырғызстанда "тек электр қуатына қатысты ғана емес, жылуға қатысты да проблемалар бар, сол себепті Қырғызстан жазғы электр қуаты үшін ақыны жартылай алдын-ала төлеу жөнінде мәселе көтеруде". "Бұл мәселе әзірге шешілген жоқ, бірақ біз таяу уақыттарда келісімге келуден үміттіміз", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны