11.04.2008, 17:51 3132

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасын ратификациялау нәтижесінде 15 жерде өзгеріс болады

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасын ратификациялау нәтижесінде 15 жерде өзгеріс болады

Бішкек. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстан шекарасын ратификациялау нәтижесінде 15 жерде өзгеріс болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін парламентте Қырғызстан Республикасы үкіметінің аппаратының өңірлік мәселелер бөлімінің меңгерушісі Саламат Аламанов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанмен арадағы келісімдерге сәйкес 6,8 мың гектар қырғыз жағына көшсе, 4 мың гектар Қазақстанның иелігіне ауысатын болады.

Ыстықкөл облысының Түп ауданының Қарқара деген жеріндегі даулы аумаққа қатысты С. Аламанов "жер телімдерін алмасу туралы келіссөздердің нәтижелерімен танысқан жергілікті халық Қырғызстанға бастабында не тиісті болды, сол беріледі және республикаға ешқандай қысым көрсетілген жоқ деп есептейді", - деп мәлімдеді.

Қазақстанға Талас облысындағы карьерді беру туралы мәселеге қатысты С. Аламановтың айтуынша, онда депутаттар ойлағандай мәрмәр емес, гранит алынатынын атап көрсетті. Осы аумақтың ақысына Қырғызстан 155 гектар аумақтық жер алады. Оның айтуынша, сонымен қатар, Қырғызстан аумағында гранит алуға жетерліктей жер қалып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны