29.08.2006, 15:01 3041

Қазақстан мен Қытай мемлекеттік басқару және әкімшілік реформаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасудан мүдделі - ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі

АСТАНА. 29-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Қытай мемлекеттік басқару және әкімшілік реформаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасудан мүдделі. Бұл туралы бүгін Қытай Коммунистік партиясы ОК-нің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ли Чжиюнмен кездесуден кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Зауытбек Тұрысбеков құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қытай жағын біздің мемлекеттік қызметке маман іріктеу критерийлеріміз, әкімшілік және әсіресе, саяси мемлекеттік қызметтен үміткерлерді іріктеу тетіктері, сондай-ақ, саяси резервті қалыптастыруға, саяси мамандарды алмастыруға, мемлекеттік қызметкерлерді лауазым сатысымен жоғарылатуға байланысты мәселелер қызықтырды",- деді З.Тұрысбеков.

Оның пікірінше, Қытай жағының Қазақстанда мемлекеттік қызметті ұйымдастыру тәжірибесіне деген қызығушылығы "елімізде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі қүрылған 8 жылдан бері жетекші елдердің тәжірибесі зерттеліп, өзіндік ауқымды тәжірибе жинақталуға байланысты. Илемде осы мәселе бойынша жинақталған озық тәжірибе жаппай Қазақстан ахалына бейімделіп, елімізде қолданылды".

Агенттік төрағасының айтуынша, Қазақстан өз кезегінде "Қытайдың сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы тәжірибесін зерттеуден мүдделі". З.Тұрысбековтың айтуынша, кездесу барысында таяу уақыттарда Қазақстандық өкілдер осы саладағы тәжірибемен бөлісу үшін Қытайға баруға уағдаластық жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны