30.04.2010, 11:21 3430

Қазақстан мен Қытайдың шекаралық жылдам автомагистральдары түйісетін тұс айқындалды

Қазақстан мен Қытайдың шекаралық жылдам автомагистральдары түйісетін тұс айқындалды

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжан -Ұйғыр автономиялық ауданы мен Қазақстанның Алматыв облысының делегациялары сәрсенбі күні Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Қорғас бақылау-өткізу бекетінде келіссөздер жүргізіп, соның нәтижесі бойынша екі елдің шекаралық жылдам автомагистральдары түйісетін тұс айқындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Тиісті келісімге Қытай жағынан Шыңжан -Ұйғыр автономиялық аймағы халықтық үкіметінің жауапты хатшысының орынбасары Цай Ичжи, ал Қазақстан жағынан - Алматы облысы әкімінің орынбасары Амандық Баталов қол қойды. Келісім екі ел үкіметтерінің бекітуіне жіберіледі.

Қазір Қытайда мемлекеттік санаттағы №312 жылдам магистрль пайдалануға берілген. Қазақстан жағы Еуропаның батысы мен Қытайдың батыс аудандарын қосатын халықаралық автожол желісін сала бастады. Бұл екі жол қосылған кезде жалпы ұзындығы 8 мың шақырымды құрайтын жаға евроазиялық көлік дәлізі түзіледі, ол шығыста Қытайдың Ляньюньгань қаласынан басталып, батыста Ресейдің Санкт-Петербург қаласына дейін созылады. Бұл бірегей жобаны жүзеге асыруға үш жыл жұмсалмақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны