22.11.2012, 13:03 2898

Қазақстан мен Люксембург арасында тұрақты әуе қатынасы ашылатын болды

Люксембургте Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің көлік органдары арасында келіссөз жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 22-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Люксембург арасында тұрақты әуе қатынасы ашылатын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Люксембургте Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің көлік органдары арасында келіссөз жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Келіссөз қорытындысы бойынша ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров пен Люксембургтың тұрақты даму және инфрақұрылым министрі Клауде Виселер Иуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Келісім ҚР Премьер-Министрінің 2012 жылғы мамыр айында осы елде болған сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

Бұл Келісім екі елдің тұрақты әуе тасымалы саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастығын құрудың негізін қалайды. Бұл құжаттың Еуропалық Одақ заңнамасының талаптарын ескере отырып әзірленгендігін баса айтқан жөн. Сонымен, ЕО-ның барлық авиакомпанияларына Люксембург пен Қазақстан арасында ұшуларына мүмкіндік ашылады.

Кездесу барысында Еуропаның ең ірі "Карголюкс" жүк тасымалдайтын компаниясының Қазақстан мен Люксембург арасында тұрақты жүк тасымалы рейстерін орындауды жалғастыруға рұқсат ететін Өзара түсіністік меморандумына да қол қойылды. Мұның сыртында, Люксембург тарапы қазақстандық мамандарды авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері қысқа мерзімді оқу курстарын өткізуге әзір екендіктерін мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны