28.07.2017, 19:28 4012

Қазақстан мен Мысыр СІМ басшылары құрықталған қазақстандық азаматтарға қатысты ахуалды талқылады

Қазақстан мысырлық биліктерден жас адамдардыӊ ұстап әкетілу себептері мен олардыӊ қазіргі таӊда болу мекен жайы, денсаулықтары туралы толық ақпаратты күтіп отыр, деді Қ. Ибдірахманов.

Астана. 28 шілде. Kazakhstan Today - Сыртқы істер министрі Қайрат Ибдірахманов Мысыр сыртқы саяси ведомствосыныӊ басшысы Самех Шукримен телефон арқылы әӊгімесі барысында алты қазақстандық азаматтардыӊ Каирде ұстап әкетілуі бойынша ахуалды талқылады. Телефон арқылы сұхбат 27 шілденіӊ кешінде қазақ тарапыныӊ бастамасымен орын алды.

Қазақстан мысырлық биліктерден жас адамдардыӊ ұстап әкетілу себептері мен олардыӊ қазіргі таӊда болу мекен жайы, денсаулықтары туралы толық ақпаратты күтіп отыр, деді Қ. Ибдірахманов. Ұстап алынғандардыӊ барлығымен Қазақстан консулыныӊ кездесуін ұйымдастыру қажет.

С. Шукри қойылған сұрақтарды толығымен түсініп отырғанын және олардыӊ дәйектілігін айтып, бұл мәселелерді шешуде барынша жәрдем көрсетуге уәде берді.

Сондай-ақ, министрлер әӊгіме барысында негізін жоғарғы деӊгейдегі кездесулер қалаған екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтыӊ сәтті дамуын талқылады,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны