25.05.2017, 15:56 4949

Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды

Аталған жеӊілідктер 2017 жылдыӊ 27 мамыры мен 28 желтоқсанына дейін төмендегідей көлемде қарастырылған

Астана. 25 мамыр. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ халықтыӊ сұранысын қанағаттандыру мақсатында билетті сатып алу мерзіміне қарай Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей қатынайтын және Өзбекстаннан Ресейге Қазақстан арқылы жүретін пойыздарға жеӊілдіктер енгізілетінін хабарлайды.

Аталған жеӊілідктер 2017 жылдыӊ 27 мамыры мен 28 желтоқсанына дейін төмендегідей көлемде қарастырылған;

Купе және СВ вагондар үшін:

o Пойыздыӊ жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 45 пайыз жеӊілдік.

o Пойыздыӊ жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 35 пайыз жеӊілдік.

Плацкарт вагондар үшін:

o Пойыздыӊ жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 35 пайыз жеӊілдік.

o Пойыздыӊ жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 25 пайыз жеӊілдік.

Бұл жеӊілдіктер бір мемлекет ішіндегі маршруттарда және бір топ жолаушылар бірге билет алған жағдайда қолданылмайды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны