10.08.2015, 17:21 3637

Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2015 жылғы 14 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында қатынайтын халықаралық пойыздарға билеттердіӊ арзандайтынын хабарлайды

Астана. 10 Тамыз. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2015 жылғы 14 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында қатынайтын халықаралық пойыздарға билеттердіӊ арзандайтынын хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мысалы, осы жылдыӊ тамыз айында №301/302 "Алматы-Новосибирск" пойызына купеге билет алсаӊыз оныӊ бағасы 2015.13.09 дейін 30 тәуліктен әрі қарай 15 528 теӊге, 30 тәуліктен бері 18 305 теӊге болады. Ал енді 2015.13.09 кейін сол купеніӊ билеті 30 тәуліктен әрі қарай 14 404 теӊгені, 30 тәуліктен бері 16 977 теӊгені құрайды.

Немесе осы жылдыӊ тамыз айында №071/072 "Астана-Мәскеу" пойызыныӊ плацкарт вагонына билет алсаӊыз оныӊ бағасы 2015.13.09 дейін 30 тәуліктен әрі қарай 25 188 тенге, 30 тәуліктен бері 29 024 тенге болады. Ал 2015.13.09 кейін сол билет бағасы 30 тәуліктен әрі қарай 21 797 тенге, 30 тәуліктен бері алсаӊыз 25 112 тенгені құрайды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны