30.10.2018, 14:48 5934

Қазақстан мен Ресей Денсаулық министрліктері арасында телемедициналық технологияларды қолдана отырып медициналық көмек көрсетудіӊ бірлескен жүйелерін құру және дамыту бойынша меморандумға қол қойылды

Меморандумды орындау үшін Қазақстан және Ресей Денсаулық сақтау министрліктері арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтыӊ негізгі бағыттарын дамыту бойынша жол картасы әзірленді.

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей Денсаулық министрліктері арасында телемедициналық технологияларды қолдана отырып медициналық көмек көрсетудіӊ бірлескен жүйелерін құру және дамыту бойынша меморандумға қол қойылды.

Астанада әлемдік денсаулық сақтау саласыныӊ көшбасшылары халық денсаулығын жақсартудағы медициналық - санитариялық алғашқы көмектіӊ басым бағыттарын талқылады.

Атап айтқанда, 3-4 пленарлық сессияларда медициналық-санитариялық алғашқы көмекке (бұдан әрі - МСАК) экономикалық негіздерін құру және МСАК арқылы әділеттілікті ары қарай жылжыту мәселелері талқыланды. Бұдан басқа, министрліктердіӊ паралельді сессияларында: МСАК арқылы төтенше жағдайларға ден қоюда денсаулық сақтау жүйесініӊ тұрақтылығын нығайту, МСАК -ке сектораралық тәсіл және халықтыӊ денсаулығын басқару, қауымдастық деӊгейінде МСАК енгізу, МСАК вакциналарға, дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға қолжетімділік мәселелері қаралды.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) бойынша Жаһандық конференция шеӊберінде Қазақстан және Ресей Денсаулық министрліктері арасында телемедициналық технологияларды қолдана отырып медициналық көмек көрсетудіӊ бірлескен жүйелерін құру және дамыту бойынша Меморандумға қол қойды. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтыӊ айтуы бойынша бұл құжатқа қол қою қазақстандықтардыӊ өмір сүру сапасы деӊгейін көтеруге мүмкіндік береді.

"Біз телемедицина саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл біздіӊ министрлік үшін басты бағыттардыӊ бірі болып табылады. Жақында, Елбасы Жолдауымен сөз сөйледі. Ол әлеуметтік бағытта болды, халықтыӊ табыстарына, әлеуметтік мәртебесіне, қолжетімді сапалы білім беру мен денсаулық сақтауға баса назар аударылған әлеуметтік-бағытта болатын. Елюбасы МСАК-ті датытудыӊ қажеттілігін ерекше атап көрсеткен, шығындарды арттыру бойынша тапсырма берді, атап айтқанда, медициналық қызметкерлердіӊ еӊбекақысын көтеру. Цифрландыру және қағазсыз медицинаға көшу жөнінде тапсырма берілген Біз бұл бағытта қарқынды жұмыс жасаудамыз", - атап өтті Елжан Біртанов.

Сонымен бірге, медициналық қызмет көрсетудіӊ отандық нарығында ресейлік компаниялар да бар", - деді ол.

"ҚР нарығында бізді ақпараттық жүйелермен қамтамасыз ететін ресейлік компаниялар бар. Біз қазір дәстүрлі телемедицинаны емханалар мен ауруханалар тыс жерлерде халықты белсенді оқытумен, онда медициналық қызметкерлер мен пациенттердіӊ технологияларын пайдалану арқылы кеӊейтуді көздеп отырмыз. Меморандумға қол қою оӊ серпін беретініне сенімдімін.

Сондай-ақ, біз оқыту және тәжірибе алмасуда ынтымақтасуға ниеттіміз. Тағы да ынтымақтасуға қызықты бір тақырып ұсынамыз - бұл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Бұл бағытты да дамытқымыз келеді. Дистрибьюторлар желісін арттыру. Мұнда ортақ ойластыруға болатын еді", - деп түсіндірді министр.

Ресейлік тараптан кездесуде Ресей Федерациясыныӊ денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова болды. Ол ынтымақтастық бағыттары бойынша қазақстандық әріптестердіӊ ұсыныстарын қолдады. "Біз Сіз айтқанбағыттардыӊ барлығын қолдаймыз. Цифровизацияға қатысты меніӊ тереӊ сенімім- бұл база біздіӊ одан әрі қатынасымызды дамытуға ықпал етеді.Сондай-ақ , кадрлар, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

Жалпы, екі жақ денсаулық сақтау мен телемедицинаны цифрландыру бойынша тәжірибе алмасу, телемедициналық технологияларды қолдана отырып, медициналық көмек көрсету үшін жүйелердіӊ өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында мәліметтер алмасудыӊ бірыӊғай стандарттарын әзірлеу бойынша ынтымақтасуға ниеттері бар. Меморандумды орындау үшін Қазақстан және Ресей Денсаулық сақтауминистрліктері арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтыӊ негізгі бағыттарын дамыту бойынша жол картасы әзірленді.

Бұған қоса Жаһандық конферения шеӊберінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Иран елініӊ денсаулық сақтау министрі Сейд Хассан Хашимимен кездесу өткізді, сондай-ақ, екіжақтық UNAIDS (АИТВ/ЖИТС бойынша БҰҰ бірлескен бағдарламасы) мәселелері бойынша екіжақтық кездесулер өтті.

Естеріӊізге сала кетейік, кеше ағымдағы жылғы 25 қазанда Астанада бүкіл әлем елдерімедициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесін денсаулық сақтау қызметтерімен жан-жақты қамтуға қол жеткізу жолындағы маӊызды қадам ретінде нығайтуға уәде бере отырып, Астана Декларациясына қол қойды. Бүкіл ғалам үшін 2018 жылғы 25 қазан маӊызды тарихи күн болды, яғни бүкіл әлем елдерінде денсаулық сақтауда жаӊа мақсаттары пайда болды - бұл МСАК бойынша жаӊа Декларацияға енгізілген сол бағыттар болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны