27.02.2007, 16:04 3172

Қазақстан мен Ресей эпидемиологтары құс тұмауының мониторингі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды

АЛМАТЫ. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстандық Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы мен Ресейдің "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығы құс тұмауы мен тұмау пандемиясына дайындық мониторингі саласындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қояды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қазақстандық Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас санитарлық дәрігері Кеңес Оспанов хабарлады.

К. Оспановтың ақпараттарына сүйенсек, келісімге 2006 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тұтыным саласын қадағалау жөніндегі (Роспотребнадзор) Федералдық қызметі арасында қол қойылған "құс тұмауы мен тұмау пандемиясына дайындық мониторингі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім" аясында қол қойылмақ.

"Жұқпалы ауруларға стандартты тексеру жүргізуді ұйымдастыру және дерт қоздырғышына қоршаған ортада мониторинг жүргізуді ұйымдастыру саласында ықпалдастық орнатудың, ал ең бастысы, құс тұмауын қоздыратын геномның нәзік құрылымын, яғни оның тұқым қуалайтын материалдарының дамуын зерделеу өте маңызды. Қазақстан аумағында алдын-ала диагноз қою бізге індетке дер кезінде жауап қату үшін бірнеше аптаға озуға мүмкіндік береді", деп атап өтті "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнология жөніндегі ғылыми орталығының бас директоры Илья Дроздов.

К. Оспанов қарашада қол қойылған келісім аясында қазіргі уақытта Ресейден құс тұмауының диагнозын шығаратын 9 заманауи құрылғы алынып, олар Қазақстанның барлық аймақтарындағы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарына орнатылғандығын атап өтті. Сонымен қатар, Ресейден келген оқытушылары құс тұмауына зертханалық диагностика қою әдісіне Республикалық санитарлық-эпидемилогиялық станциясында біздің мамандарды оқытуда.

К. Оспановтың сөздеріне сүйенсек, "бұл Қазақстан мен Ресей арасында екі ел үшін тұмау диагностикасы мен оның таралуына бақылау жасауды қамтамасыз ететін стандарттық зертханалардың біртұтас желісін құруға мүмкіндік береді".

Жалпы алғанды, РСЭС бас санитарлық дәрігерінің пікірінше, Қазақстан құс тұмауына төтеп беруге дайын. К. Оспановтың ақпараттарына сүйенсек, Қазақстанда құс вакцинациясына арналған ТМД-ғы ең үлкен дәрі-дәрмек қоры құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны