10.09.2015, 18:31 3959

Қазақстан мен Ресейдіӊ әскери қызметшілері бірлескен оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды

Искери ынтымақтастық шеӊберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері қатысатын "Орталық-2015" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда. Оқу-жаттығу "Батыс" және "Шығыс" өӊірлік қолбасшылықтарыныӊ "Оймаша" және "Шығыс" полигондарында, сондай-ақ Орынбор облысыныӊ "Донгузский" полигонында өтеді

Астана. 10 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Искери ынтымақтастық шеӊберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері қатысатын "Орталық-2015" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда. Оқу-жаттығу "Батыс" және "Шығыс" өӊірлік қолбасшылықтарыныӊ "Оймаша" және "Шығыс" полигондарында, сондай-ақ Орынбор облысыныӊ "Донгузский" полигонында өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан және Ресей Қарулы Күштері бөлімі мен бөлімшесініӊ сценарийі бойынша шартты қарсыластыӊ шабуылын тойтара отырып, қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды бірлесіп орындайды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жалпы алғанда, жауынгерлерге бірнеше тактикалық эпизод беріледі. Басқару органдары мен бөлімдерді жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтіру, әскерлердіӊ қайта топтасуы, арнайы әскери операцияны жүргізу және құрамдастырылған тәсілмен марш жасау.

Бүгін, 2015 жылдыӊ 10 қыркүйегінде "Орталық-2015" командалық-штабтық оқу-жаттығуы қарсаӊында таӊсәріде оқу дабылы бойынша теӊіз жаяу әскерініӊ бригадасы көтерілді. Белгі бойынша әскери қызметшілер берілген шоғырландыру аудандарына бөлімшелерді алмастыруды жүзеге асырды. Нәтижесінде теӊіз жаяу әскерініӊ 1-ші батальоны, танкті батальон және қамтамасыз ету батальоны қалғандарына қарағанда тапсырманы үздік орындады.

"Орталық-2015" оқу-жаттығуын өткізу қыркүйектіӊ 14-і мен 20-ы кезеӊінде жоспарланғанын атап өтейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны