01.06.2007, 12:43 1603

Қазақстан мен Ресейдің Байқоңырдағы арақатынасы туралы уағдаластықтары ҚР Конституциясына сәйкестендірілмеген - Конституциялық кеңес төрағасы

АСТАНА. 1-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Ресейдің Байқоңырдағы арақатынасы туралы мемлекетаралық келісімдері ҚР Конституциясына сәйкестендірілмеген. Бұл туралы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"1995- жылғы 20-қаңтардағы "РФ аумағында тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары, ҚР аумағында тұрақты тұратын РФ азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы" №12 келісім шарты Ата заң мен Конституциялық кеңестің 2003-жылғы 1-желтоқсандағы қаулысына сәйкестендірілмеген",- деді И.Рогов.

Оның айтуынша, ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, "Конституциялық кеңестің 2001-жылғы 7-мамырдағы қаулысымен Ата заңға сай емес деп танылған құқық қорғау органдарының Байқоңыр кешені аумағында құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі ықпалдастығы туралы келісімінің ережелерін Конституцияға сәйкестендіру жұмыстары одан әрі жалғасуда". "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтері арасында 2006-жылдың 3-қазанында аталмыш келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылған, соған сәйкес Байқоңыр кешенінің аумағында қылмыс жасаған ҚР азаматтары Қазақстанның құқық қорғау органдарына берілуге тиіс",- деді И.Рогов.

"Қазақстан азаматтарының Байқоңыр кешені аумағындағы конституциялық құқықтарына кепілдік беруге қатысты аталмыш келісімдер күні бүгінге дейін екі жақта да бекітілмеген",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны