27.08.2009, 17:18 3095

Қазақстан мен Ресейдің ТЖМ-нің шекаралық күштері "Ертіс Орманы" резерватында ауқымды орман өрттерін жою жөнінде бірлескен оқу-жаттығулар өткізді

Қазақстан мен Ресейдің ТЖМ-нің шекаралық күштері "Ертіс Орманы" резерватында ауқымды орман өрттерін жою жөнінде бірлескен оқу-жаттығулар өткізді

Павлодар. 27 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресейдің ТЖМ-нің шекаралық күштері бүгін "Ертіс Орманы" мемлекеттік табиғи резерватында ауқымды орман өрттерін жою жөнінде бірлескен оқу-жаттығулар өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, жалпы алғанда өрт қаупі жоғары маусым басталған сәттен бері Павлодар облысының аумағында 101 орман өрті шыққан. Өрт шарпыған аумақ 109 гектарды құрады. Материалдық шығын көлемі 1 млн 161 мың теңгеге бағалануда. Департаменттегілердің хабарлауынша, өрттердің басым бөлігінің алдын алуға биылғы жаңбырлы күн райы септігін тигізді. Салыстыра айтар болсақ, 2008 жылы облыстағы ормандарда 132 өрт шыққан. Ол кезде жалпы аумақ 1 514 гектар болды. Ал материалдық шығын 2,5 млн теңгеден асты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны