02.10.2007, 17:41 2753

Қазақстан мен Ресейдің үкімет басшылары Атырау - Астрахань шекаралық көпірін ашады

Қазақстан мен Ресейдің үкімет басшылары Атырау - Астрахань шекаралық көпірін ашады

Астана. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Ресейдің үкімет басшысы Виктор Зубков Атырау - Астрахань тас жолындағы Қиғаш өзені арқылы өтетін шекаралық көпір өткелінің ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Е. Ашықбаев, екі елдің премьер-министрлері қатысатын салтанат 3-қазанда өтетіндігін, нақтылап өтті.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, 3-қазанда Ресей президентінің әкімшілігінің бастығы Сергей Собяниннің Қазақстанға жұмыс сапары басталады. "Аталмыш сапар барысында екіжақты қазақстандық-ресейлік қатынастар, сонымен қатар екі елдің президенттері әкімшілігінің өзара ықпалдастығы талқыланатын болады",- деп нақтылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны