28.02.2013, 12:29 6083

Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасында әуе қатынасы ашылады

Авиация биліктерінің Душанбеде өткен екіжақты кездесуінде осындай келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасында әуе қатынасы ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Авиация биліктерінің Душанбеде өткен екіжақты кездесуінде осындай келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Бастапқы кезеңде Астана-Душанбе бағыты бойынша аптасына 2 рейс жасалатын болады. Бұдан бұрын Мемлекет басшысы ТМД елдерінің астаналары арасында авиақатынастарды дамыту жөнінде тапсырма бергендігін еске саламыз.

"Қол жеткен келісімдер нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанның авиатасымалдаушылары өз таңдауларына байланысты Қазақстанның кез-келген халықаралық әуежайынан Тәжікстанның 4 қаласы, яғни Душанбе, Худжанд, Қорған-Төбе және Куляб қалаларына тұрақты рейстер орындай алады. Дәл осындай тәжік тасымалдаушылары Астана, Алматы, Тараз және Шымкентке ұша алады", деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін тұрақты ұшулар Алматы-Душанбе бағыты бойынша ғана болатын. Қазақстан мен Тәжікстан аралығындағы ұшу географиясы мен жиілігін кеңейту туралы келісу екі елдің әуе қатынасы жөніндегі 2007 жылғы үкіметаралық келісім аясында қол жеткізілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны