26.04.2007, 12:40 3249

Қазақстан мен Тәжікстанның Бас прокуратуралары арасындағы құқықтық көмек және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

АСТАНА. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Тәжікстанның Бас прокуратуралары құқықтық көмек және ынтымақтастық туралы келісім жасады, хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құжатқа бүгін Астанада Қазақстанның Бас прокуроры Рашид Түсіпбеков пен оның тәжік әріптесі Бободжон Бобохоновның кездесуінің қорытындысы бойынша қол қойылды.

Кездесуге қатысушылар қылмыспен күрестегі өзара ықпалдастық мәселелерін, сондай-ақ прокурорлық іс-қызметтің басқа да аспектілерін талқылады. Сонымен қатар, екіжақ қылмыспен күрес саласында тұрақты негізде нормативтік құқықтық актілермен, анықтамалық, әдістемелік, ақпараттық-аналитикалық және басқа да материалдармен алмасуға, прокурорлық іс-қызметті жүзеге асыру барысында жұмыс тәжірибелермен, құқықтық саладағы реформалар туралы ақпараттармен алмасуға келісті.

"Кездесу іскерлік жағдайда, достық тұрғыдан және де өзара түсіністікпен өтті",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны