23.10.2009, 16:53 5217

Қазақстан мен Түрік Республикасы ғылым және техника саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды

Қазақстан мен Түрік Республикасы ғылым және техника саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Түркия еліне ресми сапары аясында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев кеше Қазақстан Республикасы үкіметі атынан Түрік Республикасымен ғылым және техника саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "осы келісім-шарт шеңберінде ғалымдар бірлескен ғылыми-зерттеу және техникалық жобаларды жүзеге асыру, өзара ғалым, сарапшылармен алмасу, ғылыми конференциялар мен симпозиумдар, семинарлар өткізу, сондай-ақ ғылыми және техникалық ақпараттар мен құжаттар алмасу түрінде ынтымақтасатын болады. Оған қоса тараптардың ынтымақтастық саласын анықтап, келісім-шартты жүзеге асыру бойынша хаттамалары мен бағдарламаларын әзірлейтін және "2010-2012 жылдарға арналған ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық" бағдарламасы аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыратын комиссия құру көзделген".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны