23.09.2015, 16:48 4528

Қазақстан мен Түркияныӊ әскери қызметшілері бірлескен оқу арнайы операцияны өткізді

"Іле" оқу-жаттығу орталығында және Құрлық әскерлері Искери институтыныӊ полигонында Қазақстан мен Түркия Қарулы Күштерініӊ "Қабылан жолы - 2015" бірлескен халықаралық оқу-жаттығуы мәре сызығына келіп жетті

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Іле" оқу-жаттығу орталығында және Құрлық әскерлері Искери институтыныӊ полигонында Қазақстан мен Түркия Қарулы Күштерініӊ "Қабылан жолы - 2015" бірлескен халықаралық оқу-жаттығуы мәре сызығына келіп жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Он күн ішінде екі елдіӊ арнайы мақсаттағы бөлімшелері, ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ авиациясы содырлардыӊ шартты базасын жою, оқ атуларды, 3 000 - 4 000 метр биіктіктен парашюттен секіруді орындады, сондай-ақ 50 шақырымдық марш жасады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Барлығы практикалық эпизодтарға шамамен 170 жауынгер, 20-ға жуық бірлік автомобильдік және 10 броньды танкті техника, бес бірлік маӊдайшептік және армиялық авиация тартылды.

Оқу-жаттығу Иуе қорғанысы күштерімен өзара іс-қимылда күндізгі және түнгі уақытта өткізілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер лазерлік мақсат көрсеткіштерді қолдана отырып, маӊдайшептік авиацияны келтіруді жүзеге асырды. Су-27 жауынгерлік ұшақтарыныӊ жұбы бомбалық соққымен берілген нысаналарды сәтті жойып отырды.

Нәтижесінде Қазақстан мен Түркияныӊ арнайы мақсаттағы бөлімшелері қойылған тапсырмаларды орындап шықты.

"Қабылан жолы - 2015" оқу-жаттығуы биылғы жылы алғаш рет өткізілгенін айта кеткен жөн. Ол әскери қызметшілердіӊ кәсіби қасиеттерін және жауынгерлік машығын арттыруға, екі елдіӊ Қарулы Күштерініӊ ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны