17.02.2011, 13:36 3112

Қазақстан мен Украина жыл аяғына дейін бірлескен авиақұрылыс жобасын жүзеге асыру мерзімін анықтайды

Қазақстан мен Украина жыл аяғына дейін АН 140-100 ұшағының шығарылуы бойынша жобаның жүзеге асыру мерзімін анықтайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 17 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Украина жыл аяғына дейін АН 140-100 ұшағының шығарылуы бойынша жобаның жүзеге асыру мерзімін анықтайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан және Украина 2011 жылдың соңына дейін АН 140-100 әуе кемесі моделін бірлесе шығару жобасының жүзеге асыру мерзімін анықтау керек. Бұл туралы "Литер" газетіне берген сұхбатында Украинаның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Олег Демин мәлім етті.

"Біздің елдер жылдың соңына дейін АН 140-100 әуе кемесі моделін бірлесе шығару жобасының жүзеге асыру мерзімін анықтау керек. Қазір екі елдің үкіметтері Қазақстанда ұшақтарды құру өндірісін бастау туралы келісімді талқылап жатыр", - деді О.Демин.

Бірлескен кәсіпорын құру мәселесі өткен жылы жазда Астанада Қазақстан және Украина басшылары Н.Назарбаев пен В.Януковичтің кездесуі барысында көтерілген болатын.

Иуе кемелерінің бұл моделі жақын және орташа қашықтыққа ұшуға арналған.

"Бұл ұшақ тек қана Қазақстан бойынша емес, сонымен қатар Астанадан Мәскеуге және Киевке қонбай ұша алады", - О.Демин.

О.Деминнің айтуынша, бүгінде осы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. АН 140-100 ұшағын құру зауыты Қазақстанның оңтүстігінде, Алматы облысында орналасуы мүмкін.

"Қазір осы ұшақтарға Қазақстанда бірқатар жинақтаушы бөлшектерді шығару базасын құру мәселесі талқыланып жатыр. Осы жағдайда, өнеркәсіп өзінің құрамы бойынша украиндық емес, қазақстандық болмақ", - деді елші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны