16.01.2007, 17:06 2859

Қазақстан мигранттарды қабылдау жағынан әлемдегі жетекші елдерінің тізімінде тоғызыншы орынды иеленуде - Илемдік банк баяндамасы

АЛМАТЫ. 16-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан мигранттарды қабылдау жағынан әлемдегі жетекші елдерінің тізімінде тоғызыншы орынды иеленуде. Бұл туралы Илемдік банк баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Илемдік банк баяндамасына сәйкес, бірінші орынды АҚШ иеленсе, екінші - Ресей, үшінші - Германия, төртінші Украина, бесінші - Франция, алтыншы - Үндістан, жетінші - Сауд Арабиясы, сегізінші - Австралия, тоғызыншы - Қазақстан және оныншы орынды - Польша иеленіп отыр.

Илемдік банк баяндамасында Қазақстанның көршілес Орта Азия елдерінен мигранттарды көп тартатындығы айтылған. Сондай-ақ, Қазақстан өтпелі кезеңді бастаған сәттен-ақ әсіресе Ресей үшін ірі көші-қон көзі болып табылады, деп көрсетілген құжатта.

Сондай-ақ, құжатта Еуропа және Орта Азия аймағындағы өтпелі экономикалы елдердегі ішкі көші-қон, сондай-ақ осы елдерден сыртқа көшу ауқымы өсу

сипатына ие және де ол келешекте де өседі деген болжам бар. Илемдік банктегілердің пайымдауынша, оған түрткі болған себептердің бірі - өңір аумағының басым бөлігінде туу кеөрсеткішінің азаюына байланысты жастар арасындағы жұмыс күшіне сұраныстың өсуі болып табылады.

Батыс Еуропаға көшу соңғы 15 жылда айтарлықтай өсті, соның ішінде Батыс Еуропаға Орта және Шығыс Еуропадан келетін эмигранттардың 42 пайызы тиесілі, сонымен қатар баяндамада бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен Еуропаға келетін эмигранттар санының өсе түскені жайында да айтылған. "Ғаламдық деңгейде Германия мен Францияның ғана Батыс Еуропа елдерінен әлемнің мигранттарды қабылдаушы елдерінің бірінші ондығына енетінін әркім біле бермейді", - деп көрсетілген құжатта. Бұл тізімде Ресей екінші орында. Сондай-ақ, әлемдегі мигранттарды қабылдайтын елдерінің бірінші ондығына Украина, Қазақстан және Польша да кіреді. Ресей бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен, соның ішінде Кавказ өңірі мен Орталық Азиядан мигранттарды тартады. Ал Орталық Азия елдерінің жағдайы бұдан сәл төменірек жұмысшылары ресурсқа бай Қазақстанға ағылады. Өз кезегінде Украина мен Польша Батыс Еуропаға бет алған мигранттардың жолындағы транзит ошағы болып табылады, делінген Илемдік банктің баяндамасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны