10.07.2012, 13:43 3193

Қазақстан Мумбаи мен Гоа курортына тікелей әуе рейстерін ашады

"Жаңа бағыттар мен пункттерді ашу, сондай-ақ, ұшу жиілігін арттыру қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалануда оң нәтижелер берумен қатар, ел экономикасы мен бизнестің қарқынды дамуына септігін тигізеді", - деп мәлім еткен көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтың сөздерін баспасөз қызметі келтіріп отыр.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Мумбаи мен Гоа курортына тікелей әуе рейстерін ашады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Жаңа бағыттар мен пункттерді ашу, сондай-ақ, ұшу жиілігін арттыру қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалануда оң нәтижелер берумен қатар, ел экономикасы мен бизнестің қарқынды дамуына септігін тигізеді", - деп мәлім еткен көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтың сөздерін баспасөз қызметі келтіріп отыр.

Өз кезегінде Үндістанның әуе компаниялары Астана Қарағанды және Шымкент қалаларына әуе бағытын ашу мүмкіндігіне ие болды.

Екі елдің авиация билігі қол қойған өзара түсінушілік меморандумына сәйкес, тараптар ұшу аумағын кеңейтумен қатар, ұшу жиілігін аптасына қолданыстағы 3-тен 14 сапарға дейін арттыру туралы келісімге келді.

Ақпаратта атап көрсетілгендей, Қазақстанның авиациялық билігі бұл уағдаластықтарға Делидеги екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізді

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны