14.08.2012, 13:12 3984

Қазақстан оқушыларды бағалаудың 12 баллдық жүйесіне көшуі мүмкін

Қазақстан мектептерінде оқушыларды бағалаудың өлшемді жүйелерін енгізу жоспарлануда. Бұл жөнінде бүгін Астанадағы Назарбаев интеллектуалды мектебінде өткен тамыз мәслихаты кезінде білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Астана. 21-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан оқушыларды бағалаудың 12 баллдық жүйесіне көшуі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан мектептерінде оқушыларды бағалаудың өлшемді жүйелерін енгізу жоспарлануда. Бұл жөнінде бүгін Астанадағы Назарбаев интеллектуалды мектебінде өткен тамыз мәслихаты кезінде білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Біз дәстүрлі түрде 5 баллдық жүйені қолданудамыз. Бірақ шет елдердегі мектептерде 10 немесе 12 баллдық жүйемен есептелетін бағалаудың өлшемді жүйесі қолданылады. Қазір Назарбаев интеллектуалды мектептерінде осы әдістің эксперименттік жобасы жүргізілуде. Біртіндеп аталмыш әдісті енгізу арқылы біз де 5 баллдық жүйеден оқушыларды бағалаудың өлшемді жүйелеріне түбегейлі көшеміз деп ойлаймын", - деді М.Сарыбеков.

Оның айтуынша, бағалаудың бұл әдісі оқушыларды неғұрлым әділ бағалауға мүмкіндік береді.

"2 мен 5-тің арасы онша алшақ емес, ал "бірлік" пен 12-нің арасындағы қашықтық оқушының теориялық әлеуетімен қатар, білімін тәжірибеде қолдана алу қабілетін де бағалауға мүмкіндік туғызады", - деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны