25.12.2009, 11:45 2709

Қазақстан өңірлерінде боран соғып, жел күшейеді - ТЖМ

Қазақстан өңірлерінде боран соғып, жел күшейеді - ТЖМ

Астана. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан өңірлерінде боран соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "республиканың басым облыстарында ауа райын антициклон анықтайтын болады. Тек республиканың солтүстігі мен шығысы атмосфералық ағындардың әсеріне ұшырайды. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжануда, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің жылдамдығы секундына 23 - 28 метр болады".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл маңында желдің жылдамдығы секундына 20 - 25 метрге дейін жетеді, кейде оның екпіні 30 метрден асады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Маңғыстау, Атырау облыстарының жекелеген аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында түнде кей жерлерде тұман түседі".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны