15.08.2008, 14:56 2676

Қазақстан Оңтүстік Осетия шиеленісінен зардап шеккендерге қайырымдылық көмек жолдайды

Қазақстан Оңтүстік Осетия шиеленісінен зардап шеккендерге қайырымдылық көмек жолдайды

Алматы. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Оңтүстік Осетия мен Грузия арасындағы шиеленісінен зардап шеккендерге қайырымдылық көмек жолдайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттегілердің хабарлауынша, қазір Алматы әуежайында ұшаққа дәрі-дәрмектер тиелуде. Бұдан кейін ұшақ Қарағандыға барып, ол жерде оған бірінші қажеттілік тауарлары, төсек жабдықтары, операциялық жүйелер мен мен ауруды басатын дәрілер қоса тиеледі.

Сондай-ақ, Алматыдан темір жолмен құрылыс материалдары, азық-түліктер мен 6 тонна дәрі-дәрмек жөнелтіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны