11.09.2007, 15:21 3145

Қазақстан Орталық Азиядағы ахуалдың шиеленісуіне катализатор ролін атқаруы мүмкін - газет

Қазақстан Орталық Азиядағы ахуалдың шиеленісуіне катализатор ролін атқаруы мүмкін, деп жазады сейсенбіде "Независимая газета".

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АЛМАТЫ. Қазақстан Орталық Азиядағы ахуалдың шиеленісуіне катализатор ролін атқаруы мүмкін, деп жазады сейсенбіде "Независимая газета".

"Орталық Азияда нан мен басқа да азық-түлік бағалары қарқынды өсуде. Себеп - түсімнің аздығы және де Қазақстан мен Ресейден импортталатын астықтың қымбаттауы. Сарапшылар, Орталық Азия аймағындағы азық-түлік дағдарысы саяси дағдарысқа ұласуы мүмкін, деп қауіптенеді. Орталық Азиядағы ахуалдың шиеленісуіне катализатор ролін көршілерге астықты әлемдік бағамен сататындығы туралы жариялаған негізгі астық сатушы - Қазақстан атқаруы болуы мүмкін",- деп жазады. "Қазақстан аймақтағы әлеуметтік шиеленістердің ушығуына ерікті немесе еріксіз детонаторға айналуы мүмкін",- деді "Независимая газетаға" берген сұхбатында Тәуекелді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев.

"Бағаның өсуіне деген наразылық Орталық Азиядағы барлық елдерде байқалуда",- деп жазады мақаланың авторы. Аймақта Қырғызстан ең көп зардап шегіп отыр, онда бірнеше айлар бойы нанның жетіспеушілігі байқалады. Үкіметтің қабылдап жатқан шаралары ұн мен нан өнімдері бағасының төмендеуіне әсер етпей отыр. "Тек осы себептен бес миллин тұрғынның 450 мыңы кедейшілік шегінен төмен ахуалда күн кешеді",- деп айтылған мақалада. Автордың пайымдауынша, "Қырғыздағы әлеуметтік шиеленісті күзде наразылық акциясын қайталаймыз деген оппозиция пайдаланып кетуі мүмкін". "Ахуалдың шиеленісі билік үшін күреспен емес, өзекті проблемаларды шешу қажеттігімен байланысты болуы мүмкін",- деп мәлім етті саясаттанушылар қауымдастығының төрағасы Нұр Омаров.

"Ахуалдың нашарлауы " Тәжікстанда да байқалуда. "Изірге республикада жарық пен көгілдір отын бар, халық әзірге шыдамдылық танытуда, бірақ суық түскенде не болатындығын болжау қиын", - деді газетке берген сұхбатында "Азия плюс" газетінің редакторы Марат Мамадшоев.

"Өзбекстанда азық-түлік бағасының өсуі Ферғана алқабында наразылық тудырды",- деп жазады апталық басылым. "Елде желтоқсанда президент сайлауының болатындығын ескерсек, ахуал өте күрделі" ,- деп жазады мақала авторы. Өзбекстанға Ресей көмек көрсете алады. "Бәрі мәмілеге байланысты",- деп мәлім етті ТМД елдері институтының Орталық Азия мен Қазақстан жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Андрей Грозин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны