20.10.2006, 16:37 3328

Қазақстан өзін колония сияқты сезінуді доғаратын уақыт жетті - Д.Назарбаева

Қазақстан өзін колония сияқты сезінуді доғаратын уақыт жетті - Д.Назарбаева

АЛМАТЫ. 20-қазан. Kazakhstan Today. "Форбстың" тізіміндегі шетелдік мырзаның алдында әдеттегідей құлдық ұрып, өзін колония сияқты сезінуді доғаратын уақыт Қазақстан үшін жетті, деп мәлімдеді парламент мәжілісінің депутаты, "Отан" партиясы төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева "Караван" апталығында жарияланған өз мақаласында.

"Украинаға "Криворожсталь" зауытында жергілікті еңбек заңнамасын орындауға Лакшми Митталды мәжбүрлеу үшін бір жыл уақыт қана қажет болды... Біз де өзімізді құрақ ұша беретін колония сияқты сезінуді доғаратын мерзім жетті... Өйткені ол өз қоржынынан қаржыны тек барынша байи түсу үшін ғана шашатын болады. Өзіміз мәжбүрлемейінше, ол біздің кәсіпорындарда ешқашан жомартттық танытпайды",- деп мәлімдейді мақала авторы.

Д.Назарбаеваның пікірінше, ахуалды түзету үшін ең алдымен еңбек заңнамасын нығайтып алу керек. "Қазір онда жұмыс берушілер пайдаланып кетуге жарайтын олқы деп атаудан да сорақы осал тұстар көп: мәселен, жұмыс аптасының ұзақтығын әркім өз қалауынша белгілей береді. Тіптен қалаған адам Еңбек кодексінің ережелерін орындамаса да болады: ол үшін қарастырылған жаза шыбынның шаққаны құрлы емес",- деп пайымдайды депутат.

Д.Назарбаеваның айтуынша, ол басқаратын "Аймақ" депутаттық тобы "үкіметтің мархабатын" күтіп отырмай-ақ, Еңбек кодексінің өз үлгісін жасап шығарды. Онда кәсіподақ ұйымдарының құқығы мен құзыреті аясын кеңейту, еңбек ету жағдайы зиянды және қатерлі болып келетін өндірістерде кәсіподақ ұйымдарын құрудың міндетті екендігі мен ұжымдық келісім-шарттарына қол қою және қарау мерзімдерін белгілеу ұсынылған. Сонымен бірге кодекс жобасында еңбекақының сағаттық ең төменгі мөлшерін, жұмыс сағаттарының шектеулі көлемін, зияндылық үшін міндетті түрде төленетін қосымшаны, өндірісте душар болған ауру үшін төленетін жәрдемақыны заңмен бекіту ұсынылған.

Депутаттың пайымдауынша, жұмыс берушінің еңбек заңнамасына бағынбағаны үшін жүктейтін жауапкершілігін күшейту қажет. "Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін қолданылатын шара аса қатал болуға тиіс, мемлекет бар күш-қуатымен жұмысшыны жақтауға тиіс",- деді Д.Назарбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны