11.12.2009, 18:45 3135

Қазақстан парламентінің депутаттары бұрынғы балабақшалардың ғимараттарының иелерінен оларды қайтаруды сұрап, үндеу жариялады

Қазақстан парламентінің депутаттары бұрынғы балабақшалардың ғимараттарының иелерінен оларды қайтаруды сұрап, үндеу жариялады

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан парламентінің депутаттары бұрынғы балабақшалардың ғимараттарының иелерінен оларды қайтаруды сұрап, үндеу жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today сенаттың абспсөз қызметіне сілтеме жасап.

Үндеуде былай делінген: "Біз қоғамда орын алып және халықты толғандырып отырған маңызды проблема - Қазақстанның балаларын мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуге байланысты сіздерге жүгініп отырмыз.

Бүгінде мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерімен қамтылу 36,5 пайызды құрайды, 240 мың бала орын алу кезегін күтіп тұр. 820 мың бала үйде тәрбиеленуде.

Соңғы жылдары мемлекет қалыптасқан жағдайды жақсарту үшін көп шаруаның басын қайыруда: жаңа бала бақшалары салынып, қолда бар бала бақшалары реконструкциялануда, мектептердің жанынан шағын орталықтар ашылуда. 2001 жылдан бастап бала бақшалары жүйесі 750-ге ұлғайды, 56 бала бақшасы салынып, 564-і, оның ішінде бұрын жекешелендірілген 466-сы қалпына келтірілді. Таяудағы үш жылда тағы да 200 бала бақшасын салу жоспарланып отыр.

Алайда қажеттілікті қамтамасыз ету үшін әлі де шамамен әрқайсысы 280 орындық 800 бала бақшасын салу керек. Бұл үлкен міндет, оны тек үкіметтің күшімен және бюджет есебінен еңсеру мүмкін емес.

Сондықтан біз, Қазақстан Республикасы парламентінің депутаттары, Сіздерді, құрметті отандастарды осынау бүкілхалықтық іске қосылуға шақырамыз.

Өкінішке орай көптеген жекешелендірілген бала-бақшалардың ғимараттары тиісті мақсатта пайдаланылып отырған жоқ немесе тіпті бос тұр. Исіресе бұл ауылға тән жағдай. Тек Ақмола облысында ғана 19 бала-бақша бос тұр, басқа облыстарда да осылай.

Біз Сіздерді мынаған шақырамыз: бұрын жекешелендірілген, тиісті мақсатта пайдаланылмай отырған және әсіресе бос тұрған бала-бақшалар ғимараттары мемлекетке қайтарылсын; мемлекетке бала-бақшаларды реконструкциялау мен жөндеуге көмектесіңіздер; жеке меншік бала-бақшалар салыңыздар, ашыңыздар, үкімет тек мемлекеттік емес, жеке меншік бала-бақшаларға да мемлекеттік тапсырыс орналастыруға ниеттеніп отыр.

"Сіздер осылай президентіміздің бүгінгі бастамасын қолдай аласыздар, Сіздер біздің балаларымызды, Қазақстанның болашағын қолдай аласыздар. Біз сіздердің түсінетіндеріңізге, іске мемлекеттік тұрғыдан қарайтындарыңызға сенеміз! Біз бұл маңызды әрі қажетті міндетті бірлескен күш-жігермен шешетінімізге сенеміз!",- делінген үндеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны