28.01.2010, 17:23 3020

Қазақстан парламентінің депутаттары ұлттық компаниялар мен мемлекеттік қорлардың менеджерлерінің жалақысының жоғарылығына тағы да ашу білдірді - телеарна

Қазақстан парламентінің депутаттары ұлттық компаниялар мен мемлекеттік қорлардың менеджерлерінің жалақысының жоғарылығына тағы да ашу білдірді - телеарна

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан парламентінің депутаттары ұлттық компаниялар мен мемлекеттік қорлардың менеджерлерінің жалақысының жоғарылығына тағы да ашу білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Парламент депутаттары осыдан бір жыл бұрын ұлттық компаниялар мен мемлекеттік қорлардың менеджерлерінің жалақысын кесуге уәде берген үкіметтік шенеуніктердің сөзін тағы бір рет еске алды. Бірақ биыл белгілі болғанындай, қаржы секторы еліміздегі жалақы көлемі ең жоғары сала ретінде әлі де қалып отыр", - деп хабарлайды телеарна.

Су жаңа статистикалық мәліметтерді қарап шыққан мәжіліс депутаты Виктор Киянский депутаттарды алдап соққанын бірақ білген. Дағдарыс басталған сәтте үкімет профильдік емес шығындарды қысқартуға, ең бірінші кезекте экономист-менеджерлердің жалақысын кесуге уәде берген. Алайда, бір жылдан кейін белгілі болғанындай, ауыр және шикізат өндіруші өнеркәсіптің жұмысшылары қаржылық институттардың жай қызметкерлерінен де аз айлық алатыны анықталып отыр, делінген сюжетте.

"Дәл осы сала қаржылық көпіршіктер мен әлемді жайлаған қаржылық дағдарыстың қозғаушы күші болды емес пе? Демек, елімізде банк секторы мен түрлі қорларда купондарды қырқу - ең өнімділігі жоғары сала болғаны ғой?", - деді В. Киянский.

"Иріптесінің сөзіне құлақ түрген депутаттар қаржыгерлердің жалақысы мен қарапайым азаматтардың жалақысы арасындағы айырмашылық тақырыбын одан әрі қаузады. Халық қалаулыларының айтуынша, мемлекеттік қорларда тіпті кеңседегі хатшы қыздардың өзі салық төлеушілердің есебінен құрыш қайнатушылардан кем түспейтін жалақы алады екен", - дейді телеарна.

"Орта мектептегі хатшы, ауылдық орта мектептегі директордың хатшысы мен айталық, "Самұрық - Қазынаның" бөлім бастығының хатшысы іс жүзінде уақыты мен көлемі жағынан бірдей жұмыстар атқарады. Ал жалақысына келсек, жер мен көктей", - деді мәжіліс депутаты Камал Бұрханов.

"Біреулер осылайша жай хатшыларды мысалға келтірсе, басқалары жоғарғы лауазымды шенеуніктердің балаларының ақшасын да есептеп шықты. Ал ондай балалар, депутаттардың мәліметінше, мемлекеттік қорлар мен қаржылық институттарда жетіп артылады. "Оның кәсіби біліктілік деңгейі жалақысымен сабақтасып жатуға тиіс, бірақ бізде олай емес: бұл - бәленнің ұлы, сол себепті оның жалақысы осынша болуға тиіс деген сөз алға тартылады", - деп мәлімдеді депутат Тито Сыздықов.

Телеарнаның хабарлауынша, осы тұста депутат Айгүл Соловьева сөзден іске көшуді ұсынды. Оның айтуынша, азаматтық қоғам көптен бері "Ақпаратқа қол жетімділік жөніндегі" заңға зәру болып отыр. Осы құжаттың негізінде қалаған әрбір адам мемлекеттік қорлар мен қаржылық институттарда қандайбір менеджер қанша жалақы алады дегенді біле алады. "Ийтпегенде, ондай ақпарат түрлі қалталарға, әмияндарға, қорларға жақсылап жасырылады, ал оны қарапайым азамат түгілі тіпті БАҚ-та ала алмайды", - деді А. Соловьева.

"Ал әзірге елімізде осындай заң жоқ кезде тіпті депутаттардың өзі мемлекеттік менеджерлердің жалақысы туралы ақпаратты Статистика жөніндегі агенттіктің жылдық есебінен ғана алып, жылына бір рет қана қаржыгерлер мен қарапайым қазақстандықтардың жалақысын теңестіруді талап етіп отыра беретін болады", - делінген сюжетте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны