01.07.2009, 11:58 1314

Қазақстан президенті дін жетекшілерінің кеңесін құруды ұсынады

Қазақстан президенті дін жетекшілерінің кеңесін құруды ұсынады

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дін жетекшілерінің кеңесін құруды ұсынады. Мұндай бастаманы ол бүгін Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезінің ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Біздің сьездің хатшылығы басқа форумдармен және жұмысы мәдениеттердің диалогы мен экономикалық ықпалдастыққа бағытталған халықаралық ұйымдармен диалог және ынтымақтастық орнату үшін Дін жетекшілерінің кеңесін құру мәселесін дәйектей алар еді", - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, "бүгінде түрлі діндер мен мәдениеттердің өкілдерінің диалогын кеңейте түсу аса маңызды болып отыр".

"Дін жетекшілерінің кеңесін құруға зайырлы және діни БАҚ-тарды, жастардың бірлестіктерін, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдерін тарту қажет", - деп санайды президент.

Оның айтуынша, құрылым "бейбітшіліктің, келісім мен әділеттіліктің санаткерлік зертханасына айналуға тиіс". "Кеңес съездің жұмысшы құрылымына айналып, оған қатысушыларды жаңа идеялармен және ұсыныстармен қоректендіруге тиіс", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны