01.07.2008, 13:59 1366

Қазақстан президенті мемлекеттік органдардың жетекшілерін Астананың 10 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапаттады

Қазақстан президенті мемлекеттік органдардың жетекшілерін Астананың 10 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапаттады

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Елордасының аяғынан тұруы мен дамуына үлес қосқаны үшін бірқатар мемлекеттік органдардың жетекшілерін "Астананың 10 жылдығы" мерейтойлық медальдармен марапаттады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл аса маңызды сыйлық, ол сіздердің Астана құрылысын салу секілді ұлы іске атсалысқандырыңыздың белгісіндей жадыңызда сақталып қалатын болады", - деді Н. Назарбаев.

"Астананың табысы - бүкіл елдің табысы. Астана арқылы, оның табыстары арқылы Қазақстан танылады. Біз баршамыз қаланы қазіргі заманғы, көрікті, Еуразияның нағыз жүрегі ретінде дамыту үшін жұмыс істеп жатырмыз ", - деді президент.

Атап айтсақ, мерейтойлық медальдармен Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов, Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, Бас прокурор Рашид Түсіпбеков, Ұлттық банк төрағасы Инуар Сәйденов, ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов, ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаев, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев, Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев марапатталды.

Сондай-ақ, аталған медаль қорғаныс министрі Даниал Ахметовқа, СІМ Марат Тәжинге, ІІМ Бауыржан Мұхамеджановқа, президенттің күзет қызметінің жетекшісі Мұхтар Аюбаевқа, республикалық ұлан командирі Абай Тасболатовқа, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Габидулла Ибдірахымовқа, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Берік Имашевқа табыс етілді.

Сонымен бірге, мерейтойлық медальға президенттің көмекшілері Исет Исекешев, Ержан Қазыханов, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасарлары Мәулен Ишімбаев, Дархан Қалетаев, отбасы істері және гендердік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Ибдіхалықова, президенттің кеңесшілері Нұрлан Балғымбаев, Нұртай Дүтбаев, президент хаттамасының бастығы Бауыржан Байбек, президенттің баспасөз хатшысы Ерлан Байжанов ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны