02.06.2009, 11:38 1986

Қазақстан президентінің бастамасымен құрылған Астанадағы жаңа университет биылғы күзде жұмыс істей бастайды - ҚР Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан президентінің бастамасымен құрылған Астанадағы жаңа университет биылғы күзде жұмыс істей бастайды - ҚР Білім және ғылым министрлігі

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президентінің бастамасымен құрылған Астанадағы жаңа университет биылғы күзде жұмыс істей бастайды.

Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазақстан президентінің бастамасымен Астанадағы жаңа университет құрылуда. Биыл осы нысанның бірінші кезегінің құрылысы аяқталады. Күзде 200 адам дайындық бөлімінде білім ала бастайды", - деді Ж. Түймебаев.

Оның айтуынша, дайындық мектебін Лондон университеттік колледжі басқарады. Жаңа университетке қабылдау шарттары президенттік "Болашақ" бағдарламасына іріктеумен бірдей. Оқытушы- профессорлар құрамын серіктес- университет жасақтайды. Оқу тек ағылшын тілінде жүргізіледі. Жалпы бұл оқу орнында 25 мың адам оқитын болады. 2009 жылдың 1 қыркүйегіне таман 6 блок (оған ректорат, ақпараттық- коммуникациялық технологиялар институты, дайындық мектебі, асхана, кітапхана, қазандық енеді) пайдалануға беріледі, келесі 6 блогы 2010 жылдың 31 желтоқсанында пайдалануға беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны