20.04.2010, 18:21 3259

Қазақстан президентінің немересі "Сендхерст" әскери академиясын тәмамдады және ол өз елінің армиясында қызмет етпек ниетте

Қазақстан президентінің немересі "Сендхерст" әскери академиясын тәмамдады және ол өз елінің армиясында қызмет етпек ниетте

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан президентінің немересі Айсұлтан Назарбаев "Сендхерст" әскери академиясын тәмамдады және ол өз елінің армиясында қызмет етпек ниетте, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Корольдік "Сендхерст" әскери академиясында түлектердің оқу орнын бітіруіне орай мерекелік шеру өтті. 152-ші бітірушілер мерекесіне қатысушылардың арасында Қазақстан азаматы Айсұлтан Назарбаев та бар. Бұл оқу орнын Уинстон Черчилль, мұрагер ханзадалар Уильям мен Гаррилер тәмамдаған. Салтанатты шеруден кейін оған бірден Қорғаныс министрлігінің бұйрығы оқылып, лейтенант оқасы табысталды", - деп хабарлайды телеарна.

Сюжетте атап көрсетілгендей, кадет Назарбаев "Сендхерст" әскери академиясының ең үздік шетелдік түлегі деп танылды. Академия қабырғасында өткерген жылдарда ол түрлі қарулардан атуды, бейбіт және соғыс уақытында әскерге қолбасшылық жасауды ғана емес, жоғарғы дәрежеде тұсаукесерлер өткізуді де үйреніп шықты. Ең бастысы - тактикалық және стратегиялық ойлауды меңгерді.

"Ол аса алғыр, алға ұмтылғыш жігіт, "Сендхерст" әскери академиясында оқыған мерзімде ыждағат-зейінімен көзге түсті, сол үшін жауынгерлік оқиғалармен теңестірілген іс-шараларға қатысып, "Айбындылығы үшін" сыйлығымен марапатталды", - деді Корольдік "Сендхерст" әскери академиясының ұстазы Дэвид Хадсон.

Ал А. Назарбаевтың өзі былай деп мәлімдеді: "Отбасың өзіңе көз салып отырған сәтте осы жерде шеруге шығу - үлкен мәртебе. Қазақстанға орала сала бірден Қорғаныс министрлігіне барамын. Министрлік қалай деп шешсе, сол жерде қызмет ететін боламын".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны