02.07.2008, 13:37 1571

Қазақстан президентінің жанында жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды

Қазақстан президентінің жанында жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президентінің жанында жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жүйесін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды.

Соған сәйкес, Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ереже мен кеңестің құрамы бекітілді.

"Қазақстан Республикасы президентінің жанынан Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі №625 жарлығына түсініктемеге сәйкес, жарлық Қазақстан Республикасы президентінің 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" жастар қанатының І съезінде берген тапсырмасына сәйкес дайындалды.

Жастар саясаты жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Оның негізгі міндеттері жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру мен іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау, сондай-ақ жастар арасындағы ахуал туралы Президентті хабардар етіп отыру және мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігіне талдау жасау болып табылады.

Негізгі міндеттерді іске асыру үшін Кеңес президентке мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізетін, жастар мәселелері бойынша Мемлекет басшысының ресми құжаттарын дайындауға, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарап, талқылауға қатысатын, өз жұмысына мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тартатын және өзара іс-қимыл жасайтын, сондай-ақ жастар саясаты саласында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады.

Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының президенті бекітеді және орталық мемлекеттік органдардың, республикалық және сол секілді өңірлік деңгейдегі азаматтық қоғам институттары, жастар ұйымдары мен жұртшылық өкілдері қатарынан құрылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны