17.10.2007, 15:05 4399

Қазақстан президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы ЕҚЫҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілімен кездесті

Қазақстан президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы ЕҚЫҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілімен кездесті.

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін". Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Сағынбек Тұрсынов кеше ЕҚЫҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Джулии Финлимен кездесті, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, мәжіліс депутаты Қазақстанның құқық қорғау жүйесіндегі ілгерілеуге тоқталды. Бүгінде Қазақстан 40 елдің әртүрлі құқық қорғау ұйымдарына мүше болып отыр.

Биылғы жылы Қазақстан ТМД елдері арасында тұңғыш рет тәуелсіздік алғалы бергі адам құқын қорғау саласына айқын қорытынды жасаған негізді баяндама жасады. Бұл салиқалы зеттеу үкіметтік емес ұйымдардың, шет ел елшіліктерінің және халықаралық ұйымдардың адам құқын қорғау жөнінде жасалған шараларға жасалған ұсыныстары мен белсенді қатысуымен әзірленді.

Сағынбек Тұрсынов баяндамаға адам құқын қорғау жөнінде соңғы 5 жылда қабылданған Ұлттық жоспар негізге алынғанын, оны Елбасы құптағанын жеткізді.

Сондай-ақ, Қазақстанда құқық қорғау мәселелері бойынша азаматтарға тегін қызмет көрсететін сандық кітапхана енгізілген. Оны Интернет арқылы облыстық тіпті аудандық кітапханалар жүйесі арқылы пайдалануға болатынын да мәлімдеді.

Өз кезегінде АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы елшісі адам құқықтары жөніндегі комиссияның әзірлеген баяндамасына қызығушылық танытып, ЕҚЫҰ-дың Венада өтетін мәжілісіндегі Қазақстан өткізетін тұсаукесер рәсіміне қолдау көрсететінін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны