25.02.2015, 09:52 3893

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорыныӊ Ұлыбританиядағы екіжақты кездесулері туралы

Ұлыбританияға сапары барысында Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтыӊ Ұлыбритания Азаматтық әділет және құқықтық саясат мемлекеттік министрі лорд Эдвард Фолкспен кездесуі өтті

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Ұлыбританияға сапары барысында Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтыӊ Ұлыбритания Азаматтық әділет және құқықтық саясат мемлекеттік министрі лорд Эдвард Фолкспен кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстанныӊ қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Еуропа Кеӊесініӊ конвенцияларына қосылуы, Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қоюы, пенитенциарлық жүйе бойынша тәжірибе алмасуы туралы нақты мәселелер, сонымен қатар зорлық экстремизммен және терроризммен күресу бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Екі жақтыӊ келісімі бойынша, Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасымен танысу, сондай-ақ Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт мәтінін дайындау және келісу мақсатында британдандық тарап Қазақстанға сарапшылар тобын жіберетін болды.

Сұхбаттасушылар Лондонда өткен Дүниежүзілік құқықтық саммит алаӊыныӊ заӊ үстемдігін, әділеттілікке қолжетімділік және тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны