09.08.2018, 18:46 3849

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеӊберінде "Постдокторанттардыӊ (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары" гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеӊберінде "Постдокторанттардыӊ (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары" гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды

Астана. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеӊберінде "Постдокторанттардыӊ (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары" гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

"Постдокторанттардыӊ (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары" гранттық бағдарламаныӊ мақсаты кадрларды дайындау, біліктілігін арттыру және қайта дайындау, сондай-ақ ортақ зерттеулерді жүргізу, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу саласындағы Қазақстан Республикасыныӊ өнеркәсіптік және инновациялық әлеуетін дамытуда жетекші әлемдік білім беру, ғылыми және өндірістік ұйымдардыӊ әлеуетін пайдалану болып табылады.

Бұл гранттық бағдарлама бойынша жобаларды жүзеге асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспауы тиіс. Гранттыӊ максималды мөлшері 17 млн. теӊгені құрайды. Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2018 жыл 07 тамыздан 07 қыркүйек аралығында Астана уақытымен сағат 18.00-де дейін жүргізіледі.

Үміткерлер "Постдокторанттардыӊ (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары. А грант түрі" гранттық бағдарламасыныӊ нұсқаулығында көрсетілген барлық талаптармен мұқият танысуы және орындауы тиіс. Барлық өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде электрондық нұсқада www.fpip.kz интернет порталы арқылы жіберілуі тиіс. Жобаларды сараптау ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, өтінімдердіӊ ағылшын тіліндегі нұсқасы негізгі құжат болып есептелінеді. Барлық талаптар қатаӊ сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды. Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызмет түрлерімен мұқият танысып шығу қажет.

"Постдокторанттардыӊ (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары" гранттық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты [email protected] электрондық поштасы немесе +7 7172 27 71 21 телефоны арқылы конкурстыӊ координаторынан (Бектенов Данияр) ала аласыз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны