30.06.2018, 00:56 4403

Қазақстан Республикасы Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі халық алдында есеп берді

Базалық зейнетақыны қайта есептеу, бала кезінен І топ мүгедектігі бар адамныӊ күтушісіне жәрдемақы төлеу, мүгедектер қоғамдық бірлестіктерініӊ мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысуы, бірыӊғай жиынтық төлемді енгізу, сондай-ақ, жұмыспен қамту мәселелері және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған белсенді шаралар, азаматтардыӊ еӊбек құқықтарыныӊ қорғалуы жиында жолданған негізгі сауалдар болды.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - 29 маусымда Қазақстан Республикасы Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Ибілқасымова халық алдында есеп берді.

Кездесуді ашқан ведомство басшысы Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысыныӊ үш бағытқа негізделгенін атап өтті:

o халықты әлеуметтік қамсыздандыруды және қорғауды жаӊғырту;

o нәтижелі жұмыспен қамту, халықтыӊ кірістерін және еӊбек ресурстарыныӊ ұтқырлығын арттыру;

o азаматтардыӊ еӊбек құқықтарын қорғау және еӊбек қатынастарын реттеу;

Министр өзініӊ баяндамасында 2017 жылы халықтыӊ барлық әлеуметтік қорғалмаған топтарына жан-жақты қолдау көрсетілгенін атап өтті.

"Жалпы есептік кезеӊде жұмыссыздық деӊгейі 4,9% болды, бұл тәуелсіздік алған жылдардағы еӊ төменгі көрсеткіш болып отыр. Халықты әлеуметтік қолдау шараларымен 3,5 млн-нан астам адам қамтылды. 2017 жылы қазақстандықтардыӊ зейнетақысыныӊ көлемі екі есе өсті, ана мен баланы қолдау жөніндегі шаралар кеӊейтілді, тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайына арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудіӊ жаӊа стандарттары енгізілді, мүгедектердіӊ құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жүйесінде айтарлықтай өзгерістер енгізілді" - деді М. Ибілқасымова.

Бүгінде кедергісіз ортаны қалыптастыру үшін белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді әлеуметтік маӊызы бар нысандардыӊ үлесі 91% -ға жетті, соныӊ ішінде 5 мыӊнан астам нысан бейімделген.

Министр Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы халықты жұмыспен қамту және халықтыӊ табысын арттырудыӊ маӊызды құралы екендігін атап өтті.

Жыл қорытындысы бойынша 576 мыӊ азамат жұмыспен қамтылып, 450 мыӊ адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы айтқан ведомства басшысы, "Атамекен" ҰҚП-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан "Бастау-Бизнес" жобасыныӊ аясында микрокредиттеудіӊ жаӊа форматына және кәсіпкерлік негіздерін оқытудыӊ мүмкіндіктеріне тоқталды. Жалпы былтыр 15 мыӊ адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды. Бұдан бөлек, 7,2 мыӊ адам шағын несие алып, олардыӊ 4 мыӊнан астамы іске асырылатын start-up жобаларға бағытталды.

Мемлекет басшысыныӊ төртінші әлеуметтік бастаматасын орындау мақсатында, 2018 жылы микрокредит беруге қосымша 20 млрд. теӊге бөлініп, жалпы бюджет көлемініӊ 62 млрд. теӊгесін құрап отыр. Осылайша, өзініӊ жеке ісін ашқысы келетін 14 мыӊ адам шағын несиемен қамтылады.

Бағдарламаныӊ белді шараларыныӊ бірі Жастар тәжірибесі, бұл жастар үшін бастапқы тәжірибе мен жұмыс табуға мүмкіндік береді. 2017 жылы жастар тәжірибесінен 26 адам өтіп, олардыӊ 12 мыӊы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Еӊбек ұтқырлығын ынталандыру үшін жұмыс күші мол аймақ тұрғындары солтүстік өӊірлерге көшіріліп, 1565 отбасы қоныс аударды. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 8 есеге артты. Көшіп барған отбасылар үшін адам басына 84 мыӊ теӊге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді, тұрғын үй жалдау мен коммуналдық төлемдерге 35 мыӊ теӊгеден 72 мыӊ теӊгеге дейін ай сайынғы субсидия берілді.

Есеп беру жиынында еӊбек және көші-қон мәселелері де айтылды. Министрліктіӊ қабылдаған шаралары нәтижесінде 2017 жылы 3 млрд. теӊге көлемінде берешек өтеліп, 25 мыӊ жұмысшыныӊ құқығы қорғалды.

2017 жылы қол жеткізілген осы бір оӊ нәтижелі істердіӊ барлығы 2018 жылы халықтыӊ әлеуметтік қорғаулуы мен азаматтардыӊ өмір сапасын одан әрі арттыруға негіз болады.

Осылайша, 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап еӊ төменгі күнкөріс деӊгейі 40% -дан 50% -ға дейін көтерілді, бұл төлемдердіӊ орташа мөлшерін 2 есе арттыруға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, 2018 жылы жаӊа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек енгізіліп, аз қамтылған отбасылардыӊ еӊбекке жарамды мүшелерініӊ жұмысқа орналасуына айтарлықтай көмек болуда.Биылғы жылдыӊ алғашқы 5 айында шамамен 72 мыӊ отбасына Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

АИК алған еӊбекке қабілеті бар азаматтардыӊ 70% -ы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларымен қамтылып, олардыӊ 22 мыӊы тұрақты жұмыс орындарында орналасты.

Сондай-ақ, министр 1 шілдеден бастап зейнеткерлер жаӊа мөлшерде базалық зейнетақы алатындығына назар аударды.

"Мұнда 2 млн-нан астам зейнеткердіӊ зейнетақысы қайта есептеліп, оныӊ ішінде 1 млн-ға жуық адам жоғарғы мөлшерде базалық зейнетақы алатын болады, ал 930 мыӊ адам үшін зейнетақы мөлшері 37% -дан 81% -ға дейін өседі", - деді Мәдина Ибілқасымова.

Биыл ана мен баланы қолдау шараларына шамамен 275 млрд теӊге бөлініп, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артады.

2018 жылы ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау шаралары кеӊейтілетінін атап өткен жөн: 1 шілдеден бастап бала кезінен І топтағы ересек мүгедектерге күтім жасайтын адамдар үшін жаӊа жәрдемақы енгізіледі. Бұл 14 мыӊ отбасына айына шамамен 30 мыӊ теӊге ақшалай көмек алуға мүмкіндік береді.

Азаматтардыӊ нәтижелі жұмысқа орналасуына және тұрақты табыс табуына арналған интернет-портал негізінде жұмыс істейтін Электрондық еӊбек биржасы enbek.kz онлайн-платформасы құрылды. Онда жұмыс іздеу және жұмысқа қабылдау тетіктері көрсетілген. Бүгінде бұл интернет-порталда 42 мыӊнан астам бос жұмыс орны, 85 мыӊнан астам түйіндеме және 48 мыӊнан астам жұмыс беруші тіркелген.

Жұмыспен қамту шаралары кезінде еӊбеккерлерді ресімдеу мәселесіне тоқталған министр, бүгінгі күні 800 мыӊ адамныӊ мәртебесі анықталғанын атап өтті. Сондай-ақ, жаӊа құқықтық режим - бірыӊғай жиынтық төлемініӊ (БЖТ) әзірленгендігі айтылды. Мұны төлейтіндер үшін салық және әлеуметтік төлемдердіӊ төменгі мөлшерлемелері анықталды және төлем жасағандарміндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне қатысуға мүмкіндік алады.

Ведомстваныӊ қазіргі бағыты әлеуметтік-еӊбек саласын цифрландыру болып табылады. Осылайша, Министрлік 2018 жылдыӊ соӊына дейін азаматтарға мемлекеттік органдарға, оныӊ ішінде мүгедектерге өтініш бермей-ақ, белсенді қызметтерді жүзеге асыруды көздеп отыр. Оныӊ ішінде мүгедектікке қатысты 8 қызмет белсенді режимге көшеді.

Жұмыспен қамту процесі электронды форматқа ауыстырылады: ол - жұмыс іздеуден бастап электронды еӊбек кітапшарын енгізу.

Есеп беру кездесуінде залда отырған халық қана емес, сонымен қатар өӊірлерден де азаматтар министрге тікелей сұрақтар қойды. Бұл бейнеконференция арқылы және ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініӊ веб-сайтында онлайн-форум арқылы жүргізілді.

Базалық зейнетақыны қайта есептеу, бала кезінен І топ мүгедектігі бар адамныӊ күтушісіне жәрдемақы төлеу, мүгедектер қоғамдық бірлестіктерініӊ мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысуы, бірыӊғай жиынтық төлемді енгізу, сондай-ақ, жұмыспен қамту мәселелері және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған белсенді шаралар, азаматтардыӊ еӊбек құқықтарыныӊ қорғалуы жиында жолданған негізгі сауалдар болды.

Кездесу соӊында Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жиынға келгендерді Елорданыӊ алдағы 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, министрліктіӊ жүргізген реформалары әрбір қазақстандыққа қатысы барлығын және әрбір отбасы мен жалпы экономиканыӊ әл-ауқатын жаӊа деӊгейге көтеруге бағытталатынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны