19.01.2015, 15:45 4394

Қазақстан Республикасы ІІМ Алқасыныӊ кеӊейтілген отырысы туралы

- Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентініӊ Көмекшісі - Қауіпсіздік Кеӊесініӊ Хатшысы Н.Б. Ермекбаевтіӊ, Президент Икімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімініӊ меӊгерушісі Е.А. Кененбаевтыӊ қатысуымен ІІМ Алқасыныӊ кеӊейтілген отырысы болып өтті.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентініӊ Көмекшісі - Қауіпсіздік Кеӊесініӊ Хатшысы Н.Б. Ермекбаевтіӊ, Президент Икімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімініӊ меӊгерушісі Е.А. Кененбаевтыӊ қатысуымен ІІМ Алқасыныӊ кеӊейтілген отырысы болып өтті. Алқа отырысында 2014 жылғы қызмет қорытындылары, таяу уақыттарға арналған ішкі істер органдарыныӊ басым міндеттері, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы тәртіп, заӊдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алқа отырысы Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымовтыӊ төрағалығымен ІІМ орталық аппараты мен комитеттері, өӊірлік ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар департаменттері жеке құрамыныӊ, сондай-ақ Ұлттық ұланныӊ өӊірлік қолбасшыларыныӊ және ведомстволық оқу орындары бастықтарыныӊ қатысуымен өтті.

Қалмұханбет Қасымов өткен жылы ІІМ реформалау жөніндегі іс-шараларды іске асыруда елеулі кезеӊ болғанын атап өтті. Заманауи талаптарға сәйкес ішкі істер органдарыныӊ жаӊа жүйесініӊ негізі қаланған "Ішкі істер органдары туралы" Заӊ қабылданды. Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаӊғыртудыӊ мемлекеттік бағдарламасын және құқық қорғау органдарыныӊ кадрлық саясатыныӊ тұжырымдамасын іске асыру жұмыстары жүргізілді.

Министр хабарлағандай, есепке алу-тіркеу саясатын қатаӊдату нәтижесінде қылмыстарды жасырудыӊ бұрыӊғы практикасы түптамырымен жойылды.

Соӊғы жылдары алғашқы рет қылмыстыӊ төмендеуі байқалды. Бірқатар қылмыс түрлері қысқарды, оныӊ ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, қарақшылық, басқа ауыр және аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ кәмелетке толмағандар, бұрын сотталғандар жасаған қылмыстар, көшелерде жасалатын қылмыстар азайды.

Қылмыстыӊ төмендеуінен қылмыстардыӊ ашылуы, жәбірленушілердіӊ бұзылған құқығын қайта қалпына келтіру жөніндегі біздіӊ негізгі міндетіміз шешілді,- деп атап өтті Қ.Қасымов. Қылмыстыӊ басым түрлерін, оныӊ ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жақсарды.

Министр ІІМ жүйесініӊ ағымдағы жылғы қызметі Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына "Нұрлы жол - болашаққа жол" Жолдауында белгіленген ауқымды міндеттерді нәтижелі іске асыру үшін жағдай туғызуға, қызметтер мен бөліністердіӊ жедел-қызметтік жұмыс көрсеткіштерін төмендетпей, қылмыстар туралы барлық өтініштер мен арыздарға мүлтіксіз жедел ден қоюды қамтамасыз ете отырып, қылмыстық заӊныӊ және қылмыстық сот өндірісініӊ жаӊа үлгісіне ауысуды жалғастыруға бағытталуы тиіс екеніне назар аударды.

ІІМ Алқа отырысыныӊ қорытындысы бойынша министрліктіӊ орталық аппаратыныӊ және өӊірлік департаменттердіӊ қызмет басшыларына өзге де қаралған проблемалар бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны