17.04.2015, 20:51 5403

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде өӊірлердегі су тасқыны жағдайы мәселелері жөнінде брифинг өтті

2015 жылғы 16 сәуірде ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Б.И. Сағынтаев және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініӊ орынбасары В.К. Божко Қарағанды және Ақмола облыстарыныӊ аумақтарын бойлай ұшу жұмыстарын жүргізді. Су тасқыны аудандарында зардап шеккендерге ерекше көӊіл бөлінді, Нұра және Шерубай-Нұра өзендерініӊ арнасындағы судыӊ шығарылуын бақылады.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде еліміздегі су тасқыны жағдайы және адам өлімініӊ алдын алу мен төтенше жағдайларды жою мәселелері жөнінде брифинг өтті. Төтенше жағдайлар комитеті Төтенше жағдайларды жою басқармасыныӊ бастығы А.С. Советов және Табиғи төтенше жағдайлардыӊ алдын алу бөлімініӊ бастығы А.А. Нұрқанов спикер болып сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылғы 16 сәуірде ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Б.И. Сағынтаев және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініӊ орынбасары В.К. Божко Қарағанды және Ақмола облыстарыныӊ аумақтарын бойлай ұшу жұмыстарын жүргізді. Су тасқыны аудандарында зардап шеккендерге ерекше көӊіл бөлінді, Нұра және Шерубай-Нұра өзендерініӊ арнасындағы судыӊ шығарылуын бақылады.

Қарағанды облысыныӊ Ғ.Мұстафин кентінде Б.И. Сағынтаев халықпен кездесіп, тұрғындардыӊ проблемаларын тыӊдады. Сонымен қатар, өӊірдегі су тасқыны жағдайы мәселелері жөнінде жедел кеӊес өткізді. Ағымдағы жағдай және соныӊ салдарын жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы В.К. Божко, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетініӊ төрағасы И.А. Ибішев, "Қазавтожол" ҰК" АҚ Басқармасы төрағасыныӊ бірінші орынбасары У.Т. Алипов баяндады.

Тыӊдау қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев Қарағанды облысыныӊ әкіміне, облыстық қызмет және ұйымдардыӊ басшыларына су айдындарынан суды шығуға күшейтілген мониторинг жүргізуді жалғастыруды; су басу қатері болған жағдайда тұрғындарға уақтылы хабар беру және оларды көшіру, малды қауіпсіз жерлерге айдау бойынша шаралар қабылдауды; жолдарды және жол құрылыстарын қалпына келтіру бойынша жедел шаралар қабылдауды, елді мекендер арасына және сайлау учаскелеріне көлікпен қатынауды қамтамасыз етуді; зардап шеккен халыққа келтірілген залалды анықтау және оны өтеу жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.

Сонымен қатар еліміздіӊ өӊірлерінде авариялық-құтқару жұмыстарын Ішкі істер министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі бөлімшелерініӊ, тартылған ұйымдардыӊ бірлескен күшімен жүргізу жалғастырылуда.

Қарағанды облысында Абай ауданыныӊ Южное, Северное, Юбилейное және Көксу ауылдарына электр қуатын беру қалпына келтірілді. Осы елді мекендердіӊ тұрғындары өз үйлеріне оралды.

Самарка ауылында судыӊ жылдам көтерілуіне байланысты 791 адам эвакуацияланды. Тұрғындар Сарепта ауылыныӊ мектебіне орналастырылды. Үш адам құтқарылып, қайықпен шығарылды. 2600 бастан астам үй жануары қауіпсіз жерге айдалды.

Нұра өзенініӊ тасуына байланысты Қарақоға, Пруды, Огороды ауылдарындағы 131 адам алдын ала эвакуацияланды.

Қоянды ауылыныӊ бұрын эвакуацияланған 60 тұрғыны өз үйлеріне оралды.

Ғ. Мұстафин атындағы кентте авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Ауылда 706 үйді су басқан. Алдын ала деректер бойынша су тасқыны салдарынан 10 үй қирады, ғимараттарды одан әрі тексеру жұмыстары жалғасуда.

Ростовка, Молодецкое, Садовое, Волковское, Тегізжол, Қызылқайыӊ, Красная Нива, Ынтымақ, Тасауыл, Асыл, Ақтөбе, Урожайное, Центральное, Жаӊаталап, Жастілек, Сарытөбе ауылдарын су басу қаупінен 3200 астам тұрғын эвакуацияланды. Су деӊгейі төмендегеннен кейін көптеген елді мекендердіӊ тұрғындары өз үйлеріне қайтып оралды.

Жер-жерлерде елді мекендерден су бұру, қоршау үйінділерін, жер бөгендерін тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.

Нұра өзенінде су деӊгейініӊ көтерілуінен Нұра ауданыныӊ 7 елді мекенін су басу қаупі бар. Құндызды және Нұра өзендерінде эвакуациялық іс-шаралар, жару жұмыстары жүргізілді. Нығайту жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр.

Су басу қаупіне байланысты Ақтоғай ауданы Қарасу аулыныӊ тұрғындары толық эвакуацияланды.

Ақмола облысында Целиноград ауданы Р. Қошқарбаев аулында Преображенск гидроторабында жағалауды нығайту жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар ауылда Нұра өзені жағындағы көшеде инертті материалдарды төсеу жұмыстары жалғасуда. Шнет ауылында елді мекенді өзен жағынан үю жұмыстары жүргізілуде. Өтеміс аулы жағынан Нұра өзенінде мұздарды ұсату үшін 129 жару жүргізілді.

Аршалы ауданыныӊ Ақбулақ аулында Батпақкөл көлініӊ жағалауын нығайту жұмыстары жалғасуда.

Атбасар ауданында Жабай және Жыланды өзендерінде 30 профилактикалық жару жұмыстары жүргізілді.

Шығыс Қазақстан облысында Ертіс өзеніндегі су деӊгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Бесқарағай ауданыныӊ Жетіжар аулыныӊ бұрын эвакуацияланған тұрғындары өз үйлеріне қайтып оралды.

Кривинка аулында 42 аула аумақтарын су басты. Ертіс өзенінде мұз кептелістерін жою үшін МИ-8 тікұшағымен жару жұмыстары жүргізілді.

Солтүстік Қазақстан облысында Селекті өзені арнасын тексеру жалғасуда. Жағдай тұрақтануына байланысты Құлыкөл және Қаратал ауылдарыныӊ эвакуацияланған тұрғындары өз үйлеріне қайтып оралуда. Городецкое аулында еріген қар суыныӊ көп мөлшерде келуіне байланысты 7 үйді су басты. 12 эвакуацияланған тұрғын туыстарына орналастырылды. Су бұру жұмыстары жүргізілуде.

Соӊғы жедел ақпаратқа сәйкес барлығы өӊірлерде 15100 адам эвакуацияланды, оныӊ 1929-ы үйлеріне қайтып оралды, 2207 адам эвакуациялау пункттеріне орналастырылды және 11044-і туыстарына орналастырылды. 422 адам құтқарылды.

Су басқан аудандардан 41 754 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды. Қазіргі уақытта 9 774 бас мал қайтарылды, 527 бас мал қырылды.

Еліміздіӊ су тасқыны қауіпті өӊірлерінде жер-жерлерде бақылау бекеттері қойылды, жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде, қорғаныш құрылыстары салынуда.

Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарыныӊ құтқару бөлімшелері Алматы, Астана қалаларыныӊ, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ қосымша құтқарушылар күштерімен нығайтылды.

Су тасқынана қарсы іс-шараларға жеке құрамныӊ 6 296 адамы, 1 682 бірлік техника, 119 су сорғыш құрылғы және 97 жүзу құралы жұмылдырылды.

Құтқару құралымдарыныӊ жалпы күшімен 14 440 метр уақытша бөген тұрғызылды, 3 211 метр бөгет қабырғасы қалпына келтірілді, 71 583 дана қап толтырылып, қойылды, 188 892 шаршы мерт су сорылды.

Қаурыт желі телефоныныӊ тәулік бойы жұмыс істеуі жалғасуда. Қарағанды облысы ТД департаменті медициналық қызметтерініӊ психологтары мен қызметкерлері қажетті психологиялық көмек көрсете отырып, күн сайын эвакуациялық пункттерде болады.

Целиноград облысы Атбасар ауданы Покровка аулыныӊ тұрғындарына психологиялық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы мамандары жіберілді.

Сонымен қатар Қарағанды облысында гуманитарлық көмек қабылдауды ұйымдастыру жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты ай қоғамы тасқыннан зардап шеккендерге қаражат жинау орталықтандырылған қоғамдық пунктін ашты. Пункт телефоны 8-7212-414346, 337477.

Бүгінгі күннен бастап зардап шеккен тұрғындар үшін қаржы қаражатын аудару үшін шот ашылды. Бұл туралы және гуманитарлық көмекті қабылдау туралы Қарағанды облысыныӊ әкімдігі брифинг өткізуді жоспарлады.

"Қазселденқорғау" ММ деректеріне сәйкес Ақмола облысыныӊ жекелеген өзендерінде көктемгі су толудыӊ оданы әрі өршуі, су деӊгейініӊ ықтимал күрт көтерілуі күтілуді. Нұра өзенінде ағынныӊ төменгі жағында судыӊ көтерілуі жалғасуда, сондай-ақ су шаю мен су басу ықтимал.

Республиканыӊ шығысында қардыӊ қарқынды еруіне және күтілетін жауын-шашынға байланысты су деӊгейініӊ көтерілуі, су шаю және су басу ықтимал. Ертіс өзенінде мұздыӊ жарылу жалғасуда, кептелістер болуы, су деӊгейініӊ күрт көтерілуі, су шаю, су басу күтілуде.

Іле Алатау таулы өзендерініӊ тау суларында ауытқулар ықтимал, Жетісу Алатау өзендерінде судыӊ төмендеуі жалғасуда. Республиканыӊ оӊтүстігіндегі өзендердіӊ көбінде алдынғы тәуліктердегі су деӊгейі сақталған, Қарақыстақ, Бадам, Қайыӊды, Мерке объектілерінде судыӊ төмендеуі жалғасуда.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны