16.04.2015, 17:35 5287

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК-да өӊірлердегі су тасқыны жағдайы мәселелері жөнінде брифинг өтті

Нұра өзенініӊ су деӊгейініӊ көтерілуіне байланысты Қарағанды облысыныӊ Бұхар жырау және Нұра аудандарыныӊ 20 елді мекенініӊ 4000 астам тұрғыны эвакуацияланды. 10 мыӊнан астам бас ауыл шаруашылығы малы қауіпсіз жерге айдалды. Барлық жерлерде жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде. Құндыз және Нұра өзендерінде жару жұмыстары жүргізілді.

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде еліміздегі су тасқыны жағдайы және адам өлімініӊ алдын алу мен төтенше жағдайларды жою мәселелері жөнінде брифинг өтті. ТЖ комитеті Төтенше жағдайларды жою басқармасыныӊ бастығы А.С.Советов, Төтенше жағдайлардыӊ алдын алу басқармасыныӊ бастығы М.М. Хасенов және табиғи төтенше жағдайлардыӊ алдын алу бөлімініӊ бастығы А.А.Нұрқанов спикер болып сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылғы 15 сәуірде ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Б.И. Сағынтаев өӊірлердегі су тасқыны жағдайы және қолданылып жатқан шаралар жөнінде селекторлық кеӊес өткізді. Кеӊес жұмысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарыныӊ өкілдері қатысты. Селекторлық кеӊес барысында Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары авариялық-құтқару жұмыстары мен Қарағанды облысыныӊ тұрғындарына бірнші кезекті көмек көрсету үшін Мемлекет үкіметініӊ бюджетінен 1 миллиард теӊге бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар, республиканыӊ тасқын қауіпті өӊірлерінде алдын ала сақтандыру шаралары және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Нұра өзенініӊ су деӊгейініӊ көтерілуіне байланысты Қарағанды облысыныӊ Бұхар жырау және Нұра аудандарыныӊ 20 елді мекенініӊ 4000 астам тұрғыны эвакуацияланды. 10 мыӊнан астам бас ауыл шаруашылығы малы қауіпсіз жерге айдалды. Барлық жерлерде жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде. Құндыз және Нұра өзендерінде жару жұмыстары жүргізілді.

Соқыр өзенініӊ жайылуынан Восмидомики кентініӊ 83 үйі су астында қалды. 135 тұрғын таяу орналасқан Шахан кентініӊ балалар өнер мектебіне эвакуацияланды.

Ғ. Мұстафин атындағы ауылдыӊ тұрғындарды толықтай эвакуацияланды, онда 706 үй су астында қалды. Барлығы 2350 адам эвакуацияланды, 10 тұрғын құтқарылды. Сол жерде дала асханасы ұйымдастырылды, қажетті медициналық құралдары мен дәрі-дәрмектері бар медициналық орталық ашылды, қоғамдық тәртіп сақталуда, бақылау бекеті орнатылды. Тұрғындар үшін азық-түліктер әкелінді, нан мен ауыз су жеткізу ұйымдастырылуда. Су деӊгейініӊ төмендеуіне байланысты тұрғындар үйлерін тексеріп қайтуға жіберілуде.

Сонымен қатар, Қызылжар ауылыныӊ тұрғындары толық эвакуацияланды, онда 139 үй су астында қалды.

Теміртау қаласында 46 жеке тұрғын үй су астында қалды, 48 адам эвакуацияланды. Құтқару құрылымдарымен еріген қар суыныӊ арнасын бұру жұмыстары жүргізілуде, ұзындығы 800 метрді құрайтын қорғаныс бөгеттері салынды. Жергілікті қонақ үйде эвакуацияланғандарға орындар ұйымдастырылды.

Абай ауданыныӊ Южный, Ақтау, Қарақоға кенттерінде қорғаныс бөгеттерін нығайту және күшейту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бөгеттердіӊ жағдайы үнемі бақылануда.

Абай ауданыныӊ электр қуатынсыз қалған елді мекендерінде электр қуатыныӊ автономды көздері іске қосылды. Нұра ауданыныӊ Соналы ауылына Республикалық жедел-құтқару жасағыныӊ күшімен азық-түлік және ауыз сумен қамтамасыз ететін су сору стансасын іске қосуға қажетті электрогенератор жеткізілді.

Ақтоғай ауданыныӊ Тоқырау өзенінде су деӊгейініӊ көтерілуі салдарынан Қарасу, Нарманбет ауылдарында 36 үй су астында қалды. 162 адам эвакуацияланды.

Шет ауданында Манақ және Таӊатбай бөгеттерініӊ бұзылу қауіпі төнуіне байланысты Қайрақты және Жарылғап Батыр ауылдарыныӊ тұрғындарын эвакуациялау шаралары жүргізілді. Малдар жоғары таулы жерге айдалды. Оқиға орнында құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеуде. Жаппай күш салудыӊ арқасында бөгеттен судыӊ ағуы тоқтатылды. Құм салынған қап қоры бар. Тәуліктік бойы бақылау жүргізілуде.

Ақмола облысында еріген қар суын сору және Целиноград ауданы елді мекендерінде инертті материалдарды қаптау жұмыстары жүргізілуде. ІІМ бөлімшелерініӊ, жергілікті атқарушы органдардыӊ және көмекке шақырылған басқа ұйымдардыӊ күшімен бөгеттерді нығайту, елді мекендердіӊ сыртынан топырақ үйіп бекіту, Нұра өзенініӊ арнасын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қошқарбай ауылыныӊ 15 тұрғыны эвакуацияланды.

Сондай-ақ, Қорғалжын ауданы Өркендеу ауылыныӊ 16 тұрғыны эвакуацияланды. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Нұра өзенінде жару жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қорғалжын ауылында Нұра өзені бойындағы бөгеттер нығайтылуда.

Астрахан ауданыныӊ Зеленое ауылыныӊ 16 тұрғыны эвакуацияланды. Су бұрғыш арықтар салу жолымен еріген қар суыныӊ арнасын бұру, арнадағы суды босату мақсатында бөгетті жыру жұмыстары жүргізілуде. Колутон өзеніне еріген қар суыныӊ құйылуына байланысты тәуліктік бойы бақылау ұйымдастырылды.

Сондай ақ, Атбасар ауданы, Сепе ауылындағы Жолан өзенініӊ саласын тәуліктік бойғы көзбен шолып бақылау жалғасуда.

15 сәуір күні таӊертеӊнен бастап ЖБК кенті мен Атбасар қаласыныӊ тұрғындарын эвакуациялау шаралары жүргізілуде. 27 үйден 98 адам эвакуацияланды. Еріген қар суыныӊ жылдам ағуын қамтамасыз ету үшін ЖБК кентінде ені 2 метр, ұзындығы 6 метрді құрайтын жол жырылды.

Сеӊніӊ кептелуіне және су деӊгейініӊ көтерілуіне байланысты Жабай өзенінде жару жұмыстары жүргізілді.

Шығыс-Қазақстан облысы Абай ауданы Саржал ауылын сақтап қалу үшін жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні 13 800 қап инертті материал төселді.

Ертіс өзенінде су деӊгейініӊ көтерілуі салдарынан Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылыныӊ шетіндегі 6 аула су астында қалды. Ауылда ауылдық округі әкімініӊ басшылығымен Семияр ауылдық округініӊ шұғыл штабы құрылды. Ауылдыӊ 30 үйінен 80 адам эвакуацияланды, олардыӊ 2-еуі төсек тартып жатқан науқастар. Тұрғындардыӊ жартысы эвакуациялаудан бас тарты. Кейбір тұрғындар басқа елді мекендерге кетті. Эвакуацияланған тұрғындар үшін Қарабас және Лесное ауылдарынан уақытша орналастыру орындары ұйымдастырылды. Тұрғындарды эвакуациялау туралы хабарлау және суға кеткен үйлерді анықтау мақсатында аулаларды шолу жұмыстары жүргізілуде. Үйлердіӊ айналасы мен өзен жағалауларын құм салынған қаптармен нығайту жүргізілуде. Оқиға орнында тұрғындарға медициналық және психологиялық көмектер көрсетіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Өзенде сеӊ кептелісін жою үшін жару жұмыстары жүргізілуде. Су деӊгейіне тәулік бойы мониторинг жасалуда.

Солтүстік-Қазақстан облысында да жағдай қиын. Жағдайдыӊ қиындауына байланысты Уәлиханов ауданы Қулыкөл ауылыныӊ шет аймақтары тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды. 15 сәуір күні таӊғы сағат 06:30-да Иуезов орта мектебіне 37 адам эвакуацияланды, олардыӊ 25-і бала. Түні бойы инженерлік техникамен қосымша бөгеттер салу жөніндегі шаралар жүргізілді. Жалпы көлемі 3000 метр, биіктігі 1,5-2,5 метр бөгет жасалды. Эвакуациялау жұмыстарын жүргізу үшін МИ-8 ткұшағы келді. 40 адам эвакуацияланды.

Аққайыӊ ауданыныӊ Қиялы ауылыныӊ және М. Жұмабаев ауданыныӊ Беняш ауылыныӊ үйлеріне еріген қар суыныӊ ағып келу қаупі бар. Осы қауіпті жою үшін суды сору, аумақтарға құм төгу жұмыстары жүргізіліп, бақылау посты мен кезекшілік ұйымдастырылды.

Жоғарыдан аққан еріген қар суы Аққайыӊ ауданыныӊ Қиялы ауылы мен М. Жұмабаев атындағы ауданныӊ Беняш ауылындағы үйлерді су басу қаупі бар. Қалыптасқан қауіпті жою үшін суды сорып шығару, аумаққа құм төсеу, қарау бекетін орнату жұмыстары жүргізілді, кезекшілік ұйымдастырылды.

Павлодар ауданында Селеті өзенініӊ арнасындағы су деӊгейініӊ 70 см төмендеуі байқалады.

Ертіс өзеніне судыӊ келуін мониторинглеу үшін Май ауданында өтімділігі жоғары ТРЭКОЛ автомобилімен мобильді жедел топ жұмыс істеп жатыр.

Еліміздіӊ өӊірінде су тасқыныныӊ салдарынан автомобиль жолдарыныӊ 118 учаскесін су шайды, 6 көпір бұзылды. Оқиға орындарында жол бөгеттеріне құм төсеу, ескерту белгілерін орнату, жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге балама көлік қозғаласы ұйымдастырылуда.

Барлық аймақтарда 14790 адам эвакуацияланды, оныӊ 1887-і өз үйлеріне қайтты. Эвакуация бекеттерінде 2121 адам орналастырылған,10782 адам туысқандарыныӊ үйлеріне орналастырылды. 35 адам құтқарылды.

Бүгінгі күні су тасқынына қарсы іс-шараларға 5537 адам, 1467 бірлік техника, 114 бірлік суды сорып шығару құрылғысы мен 86 жүзу құралы жұмылдырылды.

Сонымен қатар су тасқынына қарсы штабтармен қатар ҚР ІІМ ТЖ комитеті бөлімшелерініӊ психологтары тәулік бойы кезекшілікте. Қарағанды облысы ТЖ департаментініӊ психологиялық және медициналық қызметтердіӊ мамандары су басқан аймақтарда қажетті көмек көрсетуде.

Халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмысы үшін жедел желі телефондары ашылды:

Астана қаласы "Республикалық дағдарыс орталығы" ММ - 32-32-89;

- Қарағанды облысыныӊ ТЖ департаментініӊ жедел штабында - 51-20-04;

- Көкшетау қаласы Ақмола облысыныӊ ТЖ департаментініӊ жедел штабында - 55-14-74.

"Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сәйкес Самарқанд және Шерубай-Нұра су қоймаларынан Нұра өзеніне көп көлемді су тастауына байланысты Қарағанды облысыныӊ Нұра ауданында, Ақмола облысыныӊ Целиноград және Қорғалжын аудандарында су деӊгейініӊ көтерілуі, су басу күтілуде.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны