27.07.2017, 19:31 3857

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетініӊ төрағасы Ақмола облысында жұмыс сапарымен болды

Зауыт ұжымы комитет төрағасына өрт сөндіру автоцистернасыныӊ эксперименттік данасын таныстырып, оныӊ тактикалық-техникалық сипаттамалары және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Көкшетау. 27 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетініӊ төрағасы генерал-майор Владимир Беккер Ақмола облысына жұмыс сапары барысында "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ-да болды.

"КАМАЗ Инжиниринг" АҚ - Көкшетауда орналасқан "Камаз" автокөлігі шассиінде жүк көліктерін, самосвалдарды және арнайы техника, соныӊ ішінде арнайы өрт сөндіру техникасын шығаратын аса ірі Қазақстан мен Ресей бірлескен кәсіпорын. Зауыттыӊ негізі 2005 жылдыӊ 2 маусымында қаланды.

"КАМАЗ Инжиниринг" акционерлік қоғамыныӊ басшылығымен кездесуі кезінде өндіріс процессінде туындайтын техникалық мәселелер талқыланды.

Зауыт ұжымы комитет төрағасына өрт сөндіру автоцистернасыныӊ эксперименттік данасын таныстырып, оныӊ тактикалық-техникалық сипаттамалары және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны