05.07.2017, 09:13 5725

Қазақстан Республикасы Мәжілісініӊ депутаттары іссапармен Қызылорда облысыныӊ Арал ауданында болды

Меймандар алдымен Жақсықылыш кентінде орналасқан "Аралтұз" АҚ -ныӊ тұз өӊдеу цехатырыныӊ жұмыс барысымен танысты. 1200 кент тұрғыны жұмыспен қамтылған комбинат айына 25 мыӊ тонна ас тұзы, 10 мыӊ тонна техникалық тұз өндіреді, оныӊ 60 пайызы Ресйге экспортталса, 40 пайызы республика аумағына таратылуда

Қызылорда. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Мәжілісініӊ депутаттары Смағұл Бақытбек, Бақытгүл Хаменова, Зауреш Аманжолова іссапармен Қызылорда облысыныӊ Арал ауданында болды.

Меймандар алдымен Жақсықылыш кентінде орналасқан "Аралтұз" АҚ -ныӊ тұз өӊдеу цехатырыныӊ жұмыс барысымен танысты. 1200 кент тұрғыны жұмыспен қамтылған комбинат айына 25 мыӊ тонна ас тұзы, 10 мыӊ тонна техникалық тұз өндіреді, оныӊ 60 пайызы Ресйге экспортталса, 40 пайызы республика аумағына таратылуда.

Одан әрі халық қалаулылары Ибдіжәміл Нұрпейсовтіӊ шығармашылық үйінде болды. Халық жазушысыныӊ өмір жолы және шығармаларымен танысты.

Іс-сапар аясында мәжіліс депутаттары "Нұр Отан" партиясы Арал аудандық филиалында аудан тұрғындары үшін жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келгендер түрлі мәселелерді көтерді. Денсаулық сақтау және жұмыссыздық мәселелері қозғалды.

Жоспарға сай халық қалаулылары аудандағы еӊ ірі нысанныӊ бірі орталық аурухананыӊ құрылысымен танысты. Одан кейін аудандық ауруханада болып, қызметкерлермен кездесті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны