28.09.2018, 13:15 5325

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан халықтарыныӊ тілдер мерекесіне арналған "Тарих - тамыр, тіл - тұғыр" атты іс-шарасын өткізді

Қазақстандықтар жыл сайын Қазақстан халықтарыныӊ тілдер мерекесін атап өтіп келеді. Тіл қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар қоғамныӊ рухани өзегі, халықтардыӊ тарихы мен мәдениетініӊ негізі болып табылады.

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today -Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан халықтарыныӊ тілдер мерекесіне арналған "Тарих - тамыр, тіл - тұғыр" атты іс-шарасын өткізді.

Қазақстандықтар жыл сайын Қазақстан халықтарыныӊ тілдер мерекесін атап өтіп келеді. Тіл қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар қоғамныӊ рухани өзегі, халықтардыӊ тарихы мен мәдениетініӊ негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясына сәйкес қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Елбасы Қазақстан халықтары Ассамблеясыныӊ сессиясында атап өткеніндей, мемлекеттік тіл қазақстандықтарды біріктіретін фактор болып табылады. Мемлекет еліміздіӊ барлық ұлттары мен ұлыстары үшін қолайлы тіл кеӊістігін құруға үлкен назар аударуда. ҚР Президенті Н.И. Назарбаев өзініӊ "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында: "Қазақ тілі - біздіӊ рухани негізіміз. Біздіӊ міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздыӊ сандаған буыныныӊ тәжірибесінен өтіп, біздіӊ де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет" деп атап өтті.

Қазақстанда мемлекеттік тілді жылдам үйренудіӊ көптеген жаӊа әдістемелері дайындалуда. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдері де белсенді түрде үйреніп, меӊгеруде. Бірақ көптеген мектеп оқушылары, студенттер, кәсіпкерлер мен қызметкерлер қазақ тілін үйренудіӊ тиімді курстарын іздеуде.

Аталмыш іс-шарасыныӊ мақсаты - Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық құндылықтарға, мәдениет пен тарихқа деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Іс-шарада Алматы қалалық әкімдігініӊ Тілдерді дамыту басқармасыныӊ бөлім басшысы - Бақыт Ибиірұлы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйініӊ директоры - Райхан Сахыбекқызы, ҚР МОМ Антропология және этнография орталығыныӊ аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарыныӊ докторы, профессор - Нұргелді Уәлиге және Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университетініӊ оқытушысы, филол.ғ., докторы, профессор - Серік Асылбекұлы алғысөзбен мінбеге шықты.

"Тарих - тамыр, тіл - тұғыр" атты іс-шара шеӊберінде LC SKADA тіл орталығы өкілдерініӊ презентациялары тыӊдалды. Шара соӊында барлық келуші қауымға арналған тегін экскурсиялар жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны