30.06.2018, 01:08 4596

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде "Астана - Еуразия жүрегі" атты көрме ашылады

Көрмеге бейнелеу және қолданбалы өнердіӊ 200 астам туындысы қойылды. Көрме 2018 жылдыӊ 31 шілдесіне дейін жалғасады.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan Today - Еліміз Тәуелсіз Қазақстанныӊ бас қаласы - Астананыӊ 20 жылдық мерейтойын кеӊ көлемде атап өтуде. Илемдік аренадағы еӊ жас Елорда - Астана Отанымыздыӊ жүрегі, Тәуелсіз Қазақстанныӊ символы. 2012 жылы ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымныӊ шешімімен Астана түркі әлемініӊ мәдени бас қаласы болып аталды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2018 жылдыӊ 4 шілдесі күні сағат 12.00-де "Астана - Еуразия жүрегі" атты көрме ашылады. Бұл көрме экспозициясына Қазақстан суретшілері мен мүсіншілері, сондай ақ балалар шығармашылығын дамыту орталығы және бейнелеу өнері студиясы шәкірттерініӊ жұмыстары қойылған.

"Астана - Еуразия жүрегі" көрме экспозициясы көрермен назарына ұсынылған шығармалардыӊ әр алуандығымен екшеленеді. Көрмеде бейнелеу өнерініӊ барлық саласы - сурет, кескіндеме бойынша академиялық еӊбектер, сондай ақ қазақ халқыныӊ көне және қазіргі кезеӊдегі қолөнері, көркем қолданбалы өнер туындылары коллекциясы, мүсіндер топтамасы кеӊ көлемде қамтылған. Сән салтанаты асқан Астана бүгінде мемлекетіміздіӊ тыныс-тіршілігініӊ айнасы, қарқынды дамып отырған мегополис. Көрме экспозициясында Жұмаділхан Керімбек, Мұратбек Тұрбай, Елена Шарапова, Ардақ Амантаева, Есіл Қазбекова және т.б.шығармаларымен қатар Мәлік Жүнісбаев, Саят Битуғанов, Дәурен Досмағанбетов сынды мүсіншілердіӊ қолтумалары бар.

Көрме экспозициясына белгілі 20 шебердіӊ, балалар шығармашылығы орталықтарыныӊ және бейнелеу өнері студиялары шәкіртерініӊ жұмыстары қойылды, бұныӊ өзі өнердегі ұрпақтар сабақтастығын аӊғартады.

Ал "Астана - Еуразия жүрегі" атты көрме ерекше форматта өткізілмек. Аталмыш көрме экспозициясына кәсіби суретшілер мен мүсіншілердіӊ жұмыстарымен қатар балалар шығармашылығын дамыту орталығы және бейнелеу өнері студиясы талантты шәкірттерініӊ мерейлі астанамыздыӊ көне тарихы, бүгіні мен болашағын бейнелеген саналуан қолтумалары шығарылды. Көркемөнер мектептері мен бейнелеу өнері студиялары шәкірттерініӊ түрлі техника мен жанрда (кескіндеме, акварель, қолданбалы өнер және т.б.) орындалған авторлық жұмыстары жас шеберлердіӊ идеялары мен шығармашылық бағыт-бағдарын аӊғартады. Бұл жолы: "Лидия Дроздованыӊ Арт-Шеберханасы", "Шедевр", "Веселая ромашка", "Да Винчи" және т.б. бейнелеу өнері студиясыныӊ суретшілері өз қолтумаларын көрермен назарына ұсынып отыр. Балалар Астананы өз қабылдауынша бейнелеуге тырысады, бірі сюжет негізіне зәулім кешендерді ("Байтерек - өмір дарағы", "Хан Шатыр", "Астана Цирк") таӊдаса, өзгелері тек қиялына ерік берген, ал енді бірі кенеп бетіне көрген "дүниесінен" алған әсерін бейнелеген. Көрме жеткіншектердіӊ шығармашылық жолында тарих қойнауына бойлауына, елордамыз Астананыӊ күннен-күнге асқақтаған келбетіне баса назар аударуына, креативті бейімділігін арттыруға, шығармашылығын шыӊдауға деген талпынысын қолдап бағыт-бағдар беруге және әр баланыӊ қолтумасыныӊ ойлы, мәнді де сапалы шығуына ықпал етеді.

Көрменіӊ ашылуы күні балаларға концерттік бағдарлама, шеберлік сабақтар және I, II залдар экспозициясы бойынша экскурсиялар мен қызықты бағдарлама дайындалды.

Көрме аясында педагогтар мен шәкірттер балалар шығармашылығы орталығында қалыптасқан шынайы шығармашылық өмірмен танысуға мүмкіндік беретін шеберлік-сабақтарын өткізіп өнердегі өз тәжрибесімен бөліседі.

Көрмеге бейнелеу және қолданбалы өнердіӊ 200 астам туындысы қойылды.

Көрме көрермендердіӊ көӊілінен шығары сөзсіз.

Көрме 2018 жылдыӊ 31 шілдесіне дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны