23.02.2015, 12:56 3919

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтыӊ АҚШ-қа сапары шеӊберінде АҚШ Бас прокурорыныӊ орынбасары Брюс Шварцпен кездесуі өтті

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтыӊ АҚШ-қа сапары шеӊберінде АҚШ Бас прокурорыныӊ орынбасары Брюс Шварцпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Келіссөздер барысында тараптар құқықтық ынтымақтастықтыӊ барлық бағыттары бойынша екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереӊдетуге, сондай-ақ қалыптасқан әріптестікті одан әрі дамыту үшін шарттық-құқықтық негізді нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.

Сұхбаттасушылар зорлық экстремизмге қарсы іс-әрекет жасау бойынша болып өткен саммит жөнінде пікір алмасты. Тараптар осындай ғаламдық форумныӊ өткізілуі жаӊа әлемніӊ қауіп-қатерлерініӊ алдын-алу бойынша тиісті шаралар дайындауда елеулі қадам болып саналатынын атап өтті.

Сондай-ақ тараптар ведомствоаралық қарым-қатынасты одан әрі кеӊейтуге, Қазақстан және АҚШ құқықтық жүйелері арасындағы ынтымақтастықты жоғары деӊгейге жеткізуге дайын екендіктерін білдірді.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қою Қазақстан Бас Прокуроры А.Дауылбаевтыӊ АҚШ-қа жасаған сапарыныӊ қорытындысы болды. Бұл Америка Құрама Штаттарыныӊ Орталық Азия елдерімен қол қойған осы сипаттағы алғашқы келісімі.

Тараптар атап өткендей, құжатқа қол қою қылмыстылыққа қарсы тұру саласындағы екіжақты әріптестікті нығайтудағы маӊызды қадам екендігін, екі жақтыӊ да қылмыстық-құқықтық саладағы құзіретті органдарыныӊ жұмыс тиімділігін арттыруға ықпалдастық ететін болады.

Қазақстан Бас Прокуроры келісімге қол қоюдыӊ қазақстандық-америкалық құқықтық ынтымақтастықты нығайтудағы, қылмыспен күресудегі екі елдіӊ күштерін жұмылдырудағы тарихи маӊызды әрі елеулі оқиға болып табылатынын атап көрсетті.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету қылмыспен күресудегі маӊызды элемент болып табылады және өзара ықпалдастықты тереӊдетуде кеӊ мүмкіндіктер ашады.

Қазақстан және АҚШ құқық қорғау органдары арасында қазіргі таӊда сапалы жағынан жаӊа деӊгейге көтеріліп отырған өзара тиімді ынтымақтастықтыӊ динамикалық тәжірибесі қалыптасқан. Сондықтан да осы оқиға Қазақстанныӊ құқықтық жүйесіне деген сенімніӊ артуыныӊ, елдегі демократиялық институттарды қалыптастырудағы, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін қамтамасыз етудіӊ жалпыға танылған тетіктерін құрудағы жетістіктерін мойындаудыӊ сөзсіз айғағы болып табылады.

Келісімге қол қою, екі елдіӊ ішкі мемлекеттік рәсімдері аяқталған соӊ, қазақстандық және америкалық уәкілетті органдардыӊ тергеу, қылмыстық қудалау және қылмыстық құқық бұзушылықтардыӊ алдын алу саласында, сонымен қатар қылмыстық істерге қатысты тексерулер жүргізу бойынша бір-біріне белсенді құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Құқықтық көмек көрсету туралы тараптардыӊ өзара сұраныстарын орындауға мүмкіндік беретін іс жүзіндегі өзара іс-қимылды нығайту және әрекет етуші тетіктерді құру мәселесі ерекше маӊыздылыққа ие бола бастайды.

Қазақстан Республикасыныӊ Бас прокуратурасы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны