18.07.2007, 17:40 2949

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанына қатысушыларға арнап үндеу қабылдады

АСТАНА. 18 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бүгін өткен отырысында мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлау науқанына қатысушыларға арнап үндеу қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлаушыларды, саяси партияларды, мәслихат депутаттығынан үміткерлерді, олардың сенімді өкілдерін, байқаушыларды және БАҚ өкілдерін Қазақстан Республикасының сайлау жөніндегі заңнамасына мұқият бағынуға шақырады. Біз "лас технологиялар" деген атауға ие болған тәсілдерді пайдаланудан бас тартуға, сайлаушылардың дауысы үшін әділетті күрес жүргізуге, сайлау барысына байтарап байқаушылық жасауға және оның барысы жайында обьективті хабар таратуға шақырамыз", деді бүгін үндеуді таныстырған ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Бұл құжатта ОСК "сайлау науқанына қатысушылардың назарын үгіт-насихат шараларын қазіргі құқықтық ая шеңберінде өткізу қажеттігіне аударады". "Біз бұл үндеуді БАҚ өкілдеріне де арнаймыз және журналистер қауымдастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын бұлжытпай орындап, журналистердің кәсіби ар-ұждан жөніндегі кодекс нормаларына адалдығын сақтайды деп сенеміз", - делінген құжатта.

Орталық сайлау комиссиясы, сондай-ақ, "мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, лауазымды тұлғалар тарапынан қызметтік міндетін атқару барысында, әскери қызметкерлерге, судьялар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сайлау комиссияларының мүшелеріне, діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, кез-келген сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын таратуға тыйым салынатындығын " еске салады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны