13.01.2018, 21:39 4773

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары "Қазақфильм" киностудиясында "Кинематография туралы" заӊ жобасын талқылады

Бұл заӊ кинематографистердіӊ, кино өндірушілердіӊ, прокатчиктердіӊ, дистрибьюторлардыӊ жұмысын реттеп отырады, кино индустрияныӊ экономикалық тетіктерініӊ дамуын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар салықтық артықшылықтар, кедендік жеӊілдіктер және мемлекеттік субсидиялау механизмі сияқты нарықтық механизмдер арқылы жағымды инвестиялық климат қалыптастырады, - деді жиынныӊ соӊында сөз алған Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ президенті Бақыт Қайырбеков.

Алматы. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары Қазақстан кинематографистері, киностудия қызметкерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.

Отандық киноиндустрия өкілдерімен кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары, "Нұр Отан" партиясы фракциясыныӊ мүшелері: Гүлнар Иқсанова, Кәрібай Мұсырман, Бейбіт Мамраев, сондай-ақ, Алматы қалалық маслихаты депутаты Ислам Байрамуков, Алматы қаласыныӊ Бостандық ауданы әкімініӊ орынбасары Маржан Балбаева келді.

- Кинематография саласын құқықтық тұрғыда реттеу, ұлттық киноөндіріске қолдау және дамуына ыӊғайлы орта қалыптастыру мен ұлттық фильмдердіӊ прокаты және дистрибуциясын қадағалау, отандық киномыздыӊ сапасын көтеріп, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін заӊ қажет. Осы орайда, ортақтасып оӊ нәтиже шығару үшін біз сіздермен арнайы кездесуге келіп отырмыз, - деген Гүлнар Иқсанова сөзін былай деп жалғастырды, - және еӊ бастысы, бұл заӊ жобасын талқылауға біздіӊ сайт арқылы, еліміздіӊ кез-келген азаматы қатыса алады.

- Өткен жылдыӊ аяғында мәдениет және спорт министрлігі парламент отырысында кинематография туралы заӊ жобасын ұсынған еді. Қазір біз оны жан-жақты талқыға салып отырмыз. Біз сіздер - кинематографистерді - осы талқылауға эксперт ретінде қатысуға шақырамыз. Қатыссаӊыздар, біз тек қуанамыз, өйткені заӊда отандық кинематография туралы барлық мәселелер қарастырылғанын қалаймыз, - деді Бейбіт Мамраев.

Кездесу барысында депутаттар "Қазақфильмніӊ" күнделікті жұмысы және техникалық жабдықтарымен, декорацияларымен, костюмдерімен, реквизиттерімен танысты.

Кездесудіӊ басты тақырыбы Парламентте талқыланып жатқан, отандық киноиндустрияныӊ болашақтағы дамуындағы негізгі бағыттары көрсетілген "Кинематография туралы" заӊ жобасы болды. Сондай-ақ, кездесуде еліміздіӊ әлеуметтік-мәдени өмірінде отандық кинематографияныӊ алатын орны мен мақсаттары, бүгінгі жағдайы мен отандық киноөнердіӊ келешегі сөз етілді.

Отырыста танымал режиссерлер, актерлер және продюсерлер қажетті өзгерістер туралы өз ойларын ортаға салды. Дәлірек айтатын болсақ, режиссер Рүстем Ибдіраш социалистік елдер қатарында болған Венгрия мен Болгарияныӊ ұлттық кинематографиясын сақтап қала отырып, голливудтық студиялармен қарым-қатынас орната алғанын мысалға келтірді. Актер Нұржұман Ықтымбаев "Қазақфильм" киностудиясын бірыӊғай және бірегей кинематографиялық комплекс ретінде сақтап қалу керектігін айтты. Ал кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов пен жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай отандық әлеуметтік маӊызы бар киноныӊ көптеген елдерде мемлекеттік деӊгейде қолдау көрсетілетіні туралы және идеологиялық маӊызы бар фильмдердіӊ өскелеӊ ұрпақты тәрбиелеуде маӊызы зор екенін баса айтты.

- Бүгінде "Қазақфильм" киностудиясы - ұлттық бренд және Қазақстан киноиндустриясыныӊ қозғаушы күші. Біз - Қазақстанныӊ кинематографистері еліміздіӊ "Кинематография туралы" заӊын күтіп жүргенімізге көп болды. Бұл заӊ кинематографистердіӊ, кино өндірушілердіӊ, прокатчиктердіӊ, дистрибьюторлардыӊ жұмысын реттеп отырады, кино индустрияныӊ экономикалық тетіктерініӊ дамуын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар салықтық артықшылықтар, кедендік жеӊілдіктер және мемлекеттік субсидиялау механизмі сияқты нарықтық механизмдер арқылы жағымды инвестиялық климат қалыптастырады, - деді жиынныӊ соӊында сөз алған Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ президенті Бақыт Қайырбеков.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны